Жасы үлкен: Роза Рымбаеваның ұлы Ақерке Бүркітбайға үйленеді

0
5 667

Желіде Әли Оқаповтың қалыңдығымен түскен суреті тарап кетті.


Жасы үлкен: Роза Рымбаеваның ұлы Ақерке Бүркітбайға үйленеді

Танымал әнші Роза Рымбаеваның тұңғышы бойдақтық өмірмен қош айтысып, отбасылы болуға қамданып жатыр. Әли Оқапов өмірлік жары болатын қызды алыстан іздемеген. Өнер иесінің таңдауы бұрынғы "Асыл" тобының әншісі Ақерке Бүркітбайға түсіпті. Желіде қос ғашықтардың ұсыныс жасалған күнгі фотосы тарап кетті. Суретте қалыңдық қолына гүл шоғын ұстап әрі саусағындағы сақинасын да көрсеткен.

Ақерке Бүркітбай бұған дейін сүйіктісі өзіне үйленуге ұсыныс жасағанын хабарлаған еді. Алайда, өнер иесі желіде болашақ жолдасымен түскен фотосын емес, бір өзі тұрған суретті жариялаған. Әнші сүйіктісін жасырғанымен оқырмандар оның Әли екенін айтып, құттықтап жатты.

Желі қолданушылары олардың арасында махаббат бар екенін көпшілік бұрыннан-ақ сезіп қойған. Әншілер 2016 жылы қалыңдық пен күйеу жігіт образында фотосессия жасаған. Сол уақыттан бастап Әли мен Ақеркенің арасындағы сезім жайлы түрлі пікір тарап кеткен.





Желі қолданушылары Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайды құттықтап, бақыт тілеп жатыр.

"Ақерке керемет қыз, жұптары жазылмасын", Әли, бақытты бол, Роза апамыз немере сүйсін", "Ақыры тарап кетті ғой дәлелдер" , "Ал енді ресми түрде бақытты болыңдар" , "Неше жыл бойы жасырып, бақытқа кенелгендеріңізге шын жүректен қуаныштымын" , "Неге бірге түскен фотоны салмайсыздар, халық онсыз да бәрін біліп отыр" , "Ұзақ ғұмыр кешіңіздер" деп жазды желі қолданушылары.


Оқырмандардың кейбірі Ақеркенің жасы үлкен көрінетінін жазған. Бірақ керісінше Ақерке Әлиден бір жас кіші.