Желі жұлдызына айналған мектеп директорының есімі – Ақмоншақ Нұртаза.
Фото: Жеке парақшадан алынды
ERNUR.KZ. Әнші Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне билетті желі жұлдызына айналған мектеп директоры ұтып алды, деп жазады stan.kz.
Желі жұлдызына айналған мектеп директорының есімі – Ақмоншақ Нұртаза. Астанадағы №58 мектеп-гимназиясының басшысы. Ол 11-сыныпты тәмамдаған түлектерімен бірге Димаштың орындауындағы Сәкен Сейфуллиннің "Тау ішінде" әніне арналған челлендж түсірген.
Директордың видеосы дәл қазір өзінің Instagram парақшасында 3,1 миллион қаралым жинап, челлендж аясында түсірілген видеолардың ішінде көш бастады.
Ақмоншақ Нұртазаның видеосы кеше Алматыда өткен Димаштың концертінде сахнада көрсетілді. Ал концерттен кейін әншінің анасы Светлана Айтбаева мектеп директорына концертке билет табыс етті.
Айта кетейік, желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленіп, "Оқушылармен бір vibe-тамын" деген еді.
Ақмоншақ – Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Ақжарма ауылының тумасы. 4 баланың анасы.
“9-сынып бітіріп, Астанадағы гуманитарлық педагогикалық колледжде “бастауыш сыныбы мұғалімі” мамандығына оқуға түстім. Одан кейін жоғары оқу орнында психолог мамандығын бітірдім. Қазір докторантурада білім алып жатырмын.
Астана қаласындағы №58-мектептің директорымын. Оған дейін білім басқармасында жұмыс істедім, әдіскер болдым. Балабақшада меңгеруші болдым. Өзімнің 4 балам болса, мектепте 2,5 мың оқушы бар. 5 айдың көлемінде желілерге видео салып, істеп жүрген жұмысымды көрсету арқылы өзгеріске қадам бастым”, – деді ол.