Жұлдыз Абдукаримова: "Ол кездегі құндылық та, уақыт та басқа еді..."

0
2 584


Жұлдыз Абдукаримова:

Өзінің мінезімен, көркемдігімен көпке үлгі болып жүрген Жұлдыз Абдукаримова үнемі ерекше жазбаларымен де елдің назарын аударады.

Бұл жолы ол өзінің балалық кезіндегі естеліктерін айтып, мағынасы үлкен жазба жариялады.

Жұлдыз Абдукаримова: "Суретті жылжытсаңыз, балалық шағыңызға барып қайтасыз. Дәл осы сағат әрбір үйде болатын. Оның қолға тағатыны болса ғой деп армандайтынмын. Қабырғада ілулі тұрған жай сағат емес, әкем мен анамның жұмыстан келер сәтін қарайтын және олардың келер уақыты жақындағанда қуаныш сыйлайтын сағат еді. Мектепке кешіктірмейтін, достарымызбен ойын уақытын көрсететін, кешкі асқа отбасымызбен бас қосатын сәтті аңғартатын сағат. Арзан, арзан болса да қымбат. Себебі ол кездегі құндылық та, уақыт та басқа еді.

Қазір керсінше, қанша қымбат сағат тақсаң да уақыт шіркіннің сапасы жоқтай, сырғып жатыр. Сағатқа қарасаң - жанталасу, асығу. Уақыт өлшемі ауыспады. Бәрі сол баяғыша бір тәуліктегі 24 сағат. Сонда өзгерген не? Бір кем дүние…

Осындай сағат болды ма, мүмкін сіздің үйдің төрінде әлі ілулі тұрған шығар?"



Мұны оқыған желі оқырмандары да балалық кезіндегі естеліктерді айтып, қызықты оқиғаларымен бөліскен. Екінші суреттегі сағатты көрген желі қолданушылары олардың да үйінде ондай сағаттың болғанын және көпшілігі үйлену тойда сыйлыққа келгенін жазған.