«Өмірімді ұзартатын болса, темір салуға да дайын болдым»
Кезінде «Шашы ұзын қыз» деп ән салып, танымал топқа айналған Нұрлан мен Мұрат «Ұйқым келмейді» бағдарламасына келіп, сұхбат берді.
Топ мүшесі Нұрлан Әміров жүрек ауруына шалдыққанын айтты. Дәрігерлер оған «жүректі ауыстыру керек» деген екен.
«Шынымен біраз ауырдым. «Жүрегіңді ауыстыру керек» деп те айтқан. Тіпті қатты ауырып, «дайындалыңыз, қалуыңыз да, кетуіңіз де мүмкін» деген уақыт та болды. Бірақ Алла «жылаған көзге жас берем, ойлағанғабас берем» дейді екен. Ойланып, бәрі тамаша, бәрі керемет деп жүру керек. Жігіт болсақ та жыладық, көзге жас келді. Өмірді қимайды екенсің.
Шынымды айтсам, өмірді кішкене ұзартатын болса темір салуға да дайын болдым. Қазір жүрекке батарея орнатып қойған. Аппаратты терінің астына тігіп қойған. Өзіме білініп тұрады. Біреуің жүректің астына, біреуін үстіне қойған, сол пульс беріп тұрады. Оны 7 жылда бір рет ауыстырады екен»деді әншінің өзі.