Ақпараттар ағымы

Қордайдағы қақтығыс кезінде келтірілген шығын көлемі анықталды (видео)

Шығын көлемі - 1 миллиард 7 миллион теңге.

Қазақстанда киікті атуға 2023 жылға дейін тыйым салынды

2015 жылдан бастап 2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін киіктерді атуға тыйым салынған еді. Енді киіктің санын көбейту үшін бұл мерзім 2023 жылға дейін ұзартылды.

Ақтауда мұрнынан айырылған сәби шетінеп кетті

Баланың анасы қалалық перинаталды орталыққа 2019 жылдың шілдесінде түскен.

Сапарбаев жаңа қызметіне қатысты ойын айтты

10 ақпанда үкімет басшысының бұрынғы орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды.

Қордай оқиғасы: Қырғызстанға өтіп кеткен 8 мың адам елге оралды

Қазіргі таңда комиссия өртенген үйлерді, сауда нысандарын жергілікті халықтың көмегімен қосымша тексеріп жатыр​.

Шымкентте жол салған мердігер компанияларға 816 ескерту жасалған

Көліктік бақылау инспекциясының деректері бойынша Шымкент қаласының аумағында жер қойнауын пайдаланушылардың 38 карьері тіркелген.

​Түркістан облысында 40 күнде 40 жүргізуші мас күйінде ұсталды

Ақпанның 10 күнінің ішінде 9 жүргізуші ішімдік ішіп, көлік жүргізген.

Шымкентте волейболдан ұстаздар арасында ашық біріншілік өтті

Жарысқа Келес, Сарыағаш аудандары мен академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің оқытушылары да қатысты.

Мегаполисте көктем маусымында 1 миллион 300 мың қызғалдақ егілді

Көктем маусымында ең алғаш гүлдеп, қалаға ерекше көрік және сән беретін 1 миллион 300 мың қызғалдақ гүл егілді.