Жарысқа Келес, Сарыағаш аудандары мен академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің оқытушылары да қатысты.
Шымкентте Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған салауатты өмір салтын нығайту үшін волейболдан ұстаздар арасында ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ал шешуші сайысқа іріктелген 8 команда қатысты. Бұл жарысқа Келес, Сарыағаш аудандары мен академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті
оқытушылары да қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша, 3-ші орынды № 89 мектеп құрамы иемденсе, 2-ші орынды №86 мектептің ұздастары өз қанжығаларына байлады. Ал, бас жүлдені №129 мектеп ұжымы жеңіп алды.
Айта кетсек, №86 мектепте аталған спорт түрінің осындай биік дәрежеге жетуіне, белгілі волейболшы Ораз Махмұдұлы ықпал етті.