Ақпараттар ағымы

Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады

Судьяларды іріктеу кезінде олардың кәсіби және жеке қасиеттеріне шынайы баға беріліп, қоғамдық пікір жан-жақты зерттеледі.

Air Astana Ресейге бірнеше рейсті уақытша тоқтатады

Өндірістік мәселелер тез арада шешілсе, әуе рейстері келесі аптаның басында жанданады, деп мәлімдеді Air Astana компаниясы.

​Шымкентте егіс алқабы кеңейді

Шымкент қаласында дала жұмыстарына арналған техникалар толығымен дайын.

Киевте жағдай ушығып тұр, Украинадағы қазақстандық дипломаттар Львов қаласына көшірілді

​Киев қаласындағы жағдайдың ұшығуына байланысты қазақстандық дипломаттар Львов қаласына уақытша көшірілді және олар ҚР азаматтарына көмек көрсету жұмыстарын штаттық режимде жалғастыруда.

Өзін 188 баласы бар әке ретінде көрсеткен алаяқ мемлекеттен 1 млрд теңге қаражат алған

Ұлыбританияда алаяқ азамат билікті өзінің 188 баланың әкесі екеніне сендіріп, айлалы жолмен 1,8 миллион фунт стерлинг (1 млрд теңгеден аса) алып кеткен.

Ұлттық банк интервенцияға бір күнде 198,9 млн доллар жұмсады

Франкфурт аукционы тетігі аукционның түпкілікті бағасын айқындауға мүмкіндік береді, ол бойынша мәмілелердің барынша жоғары ықтимал көлемі жасалады және негізсіз құбылмалылықтың алдын алуға бағытталады.

Атырау облысында елді мекендер жарықсыз қалды

Күшті желден 300-ге тарта электр бағаны құлап, желілер зақымданды.

ТҮРКІСТАН: Жетісай қаласын ұлғайтуға 80 гектар жер бөлінген

Болашақта салынатын ғимараттардың эскизі көрсетілді.