Референдум өткізуге 16 млрд-тан астам теңге бөлінді – Қаржы министрі

0
467

Қаржы республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді.


Референдум өткізуге 16 млрд-тан астам теңге бөлінді – Қаржы министрі

ERNUR.KZ. Республикалық референдум өткізуге қанша қаржы бөлінеді? Бұл сауалға Үкімет куларында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді, деп жазады baq.kz.

"Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есеп-қисапты ұсынды. Бүгін Үкімет осыған байланысты Қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді", - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.