​АЯҚТЫҢ қыс мезгілінде ТЕРЛЕУІ өте қауіпті!

0
4 759

Суланған шұлықты ауыстырып алғаннан мәселе шешілмейді.


​АЯҚТЫҢ қыс мезгілінде ТЕРЛЕУІ өте қауіпті!

фото: shopikk.ru

Аяқтың терлеуі – бір емес, бірнеше дерттің себебі екенін білесіз бе? Жазда терлеу қалыпты. Ал қыста терлейтін аяққа не дейсіз? Терлеген аяқтан жағымсыз иіс шығатыны тағы бар. Ал күн ұзаққа ылғалды шұлықпен жүрсеңіз, денсаулығыңызға зияны тиетіні сөзсіз. Суланған шұлықты ауыстырып алғаннан мәселе шешілмейді. Сондықтан да алдымен аяқтың терлегенін тоқтату керек.

Негізінде барлық адамның аяғы терлейді. Иіссіз болса алаңдаудың қажеті жоқ. Жай ғана аяқ киімді ауыстыру керек. Өйткені аяқтың ауа алмасуы дұрыс болмаса, аяқ терлейді. Ал иістің шығуына мына жағдайлар себеп болуы мүмкін:

  • аяқтағы тер бездерінің шамадан тыс көп шығуы;
  • белсенді қозғалыстың әсері;
  • сапасыз материалдан дайындалған аяқ киім және табиғи емес матадан тігілген шұлық кигенде аяқ терлеп, сасиды. Салдарынан тері өзінің қалыпты түсін өзгертеді, ісінеді, жарылады, ауырады, инфекция түссе, аяқ терісі қабынады. Егер сізде бұл белгілер байқалса, дәрігермен кеңесу керек.


Аяқтың терлеуін тоқтатып, жағымсыз иісті жоюдың жолы

фото: mdoydetsad3.ru


Аяқ киімді дұрыс таңдаңыз

Сіздің аяқ киіміңізден аяқ демалуы керек. Яғни, аяққа қажетті мөлшерде ауа баруы тиіс. Сондықтан табиғи таза материалдан тігілген аяқ киім алуға тырысыңыз. Болмаса, ішкі терісі табиғи болуын қадағалаңыз.

Егер аяғыңыз суланған жағдайда дереу шешіп, басқа шұлық ауыстырыңыз. Егер аяқ киіміңізді шешіп отырудың мүмкіндігі болса, 25-30 минутқа аяқ киіміңізге қағаз төсеп қойсаңыз болады. сонда қағаз барлық ылғалды өзіне тартып, аяқ киіміңізді құрғатады.


Аяқ киімді үнемі желдетіп, кептіріңіз

Жұмыстан үйге келген соң міндетті түрде аяқ киіміңізді шешіп, ұлтарағын, астарын алыңыз. Сосын аяқ киімге қағаз төсеңіз. Ал ұлтарақты жылы жерге қоясыз. Бұл әдіс аяқ киімде жиналған микробты жоюға көмектеседі. Ерінбесеңіз, ұлтарақты ыстық үтікпен үтіктеңіз. Бұл да жақсы көмектеседі. Сонан соң ылғалды сіңіретін материалдардан жасалған ұлтарақты қолданыңыз. Оны мезгіл сайын жаңасына ауыстыруды ұмытпаңыз. Егер аяқ киіміңізді жууға болатын болса, демалыс күндері кір жуғыш машинаға салып алған дұрыс. Жуу жинақталған терді, шаңды, кірді кетіреді. Бұлар аяқ киімнің желдеткіш тесіктерін бітеп қана қоймайды, сонымен қатар зиянды микробтар мен саңырауқұлақтарды көбеюіне ықпал етеді.

Жалпы, бір маусымға кем дегенде екі жұп аяқ киім киюге әдеттеніңіз. Бұл саулығыңыз үшін де, сән үшін де дұрыс таңдау екенін ескеріңіз.


Гигиена сақтаңыз

Күніне міндетті түрде аяғыңызды мұқият жуыңыз. Мүмкіндік болса, ыдысқа жылы су құйып, сабын қосыңыз. Аяғыңызды көпіршіген суға 5-10 минутқа салып қоясыз. Соңынан салқын сумен шайып аласыз. Бактерияны жоюға арналған сабын таңдағаныңыз жөн. Бұл аяқтағы микробты өлтіруге көмектеседі. Сосын аяғыңызды құрғатып сүртіп, құрамында глицерин қосылған нәрлендіретін крем жағасыз.

Егер аяғыңыздан жағымсыз иіс шығатын болса, тальк немесе бор қышқылын сеуіп қойсаңыз болады. Шұлықты күнделікті ауыстыруға әдеттеніңіз.

фото: sdelai-lestnicu.ru


Аяқтағы жағымсыз иісті кетіру үшін:

  • Аяқтың терлеуін тоқтатып, микробтар мен саңырауқұлақтармен күресу үшін кез келген дәріханада сатылатын емдік және профилактикалық гель, крем, ұнтақ қолданыңыз. Ұнтақ ретінде бор қышқылын, мырыш қосылған талькты қолдануға болады.
  • Ұйықтар алдында 20% алюминий хлоридінің ерітіндісі аяғыңызға жағыңыз. Ол бактериялардың өсуін тежейді және терлеуді азайтады. Емді қолданғаннан соң аяғыңызды полиэтилен пакетпен орайсыз. Таңертең аяңыіызды жуып, таза шұлық киесіз. Емді 3-7 күн жасаңыз.


Дереккөз: mag.103.by


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚЫСТА қандай ДӘРУМЕН ішу керек?


БОЙЫҢЫЗДЫ билеген ӘЛСІЗДІКТІҢ себебін біліңіз


ТҰМАУДАН тез ЖАЗЫЛУДЫҢ жолы қандай?