Қытай көшелерінде робот иттер патрульдеу жүргізе бастады

0
118

Олар жасанды интеллект "миымен" және мүмкіндігі жоғары камерамен жабдықталған.


Қытай көшелерінде робот иттер патрульдеу жүргізе бастады

фото: Darko Vojinovic

ERNUR.KZ. Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласының полициясы көшелерді патрульдеу үшін робот иттерді пайдалана бастады, деп жазады sputnik.kz.
Агенттік хабарлауынша, Қытайдың көптеген қаласы роботтарды мұндай сынақтан өткізіп жатыр. Мысалы, мамыр айында Гуандун провинциясының Шэньчжэнь қаласында вокзалды патрульдеу үшін робот иттерді пайдаланылды.
"Жақында робот ит Ханчжоу қаласының Цинбо ауданындағы Наньшань көшесінде жергілікті құқық қорғау органдарына көмектесу үшін патрульдеу жұмыстарын жүргізе бастады", - делінген хабарламада.
Жасанды интеллект "миымен" және мүмкіндігі жоғары камерамен жабдықталған робот ит айналадағы жағдайды қабылдап, "ақылды шешім" қабылдай алады.