​Қанның ҚОЮЛАНУЫ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?

0
27 794

Қанның қоюлануы – ауру емес, бірақ қандай да бір қауіптің белгісі. Егер оны сұйылтып, өз мөлшеріне келтірмесе, кез келген ағзаға теріс әсер етеді. Тіпті, созылмалы дерттің дендеуіне себепші болады.


​Қанның ҚОЮЛАНУЫ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?

фото: serovodorod-okt.ru

Қан адам ағзасының ажырамас бөлігі болып табылады. Оның міндеттеріне оттегі мен қоректік заттарды ішкі органдарға тасымалдау ғана емес. Бұл иммунитетті қамтамасыз етуді қоса алғанда, бірқатар маңызды денсаулық функцияларын орындайтын жүйе. Қан өте қою болса, ұсақ тамырлар мен капиллярларға ену қиын. Бұл оттегінің жетіспеушілігі анемияның дамуына әкеледі. Бұл жағдайда қанның ұюы, инфаркт немесе инсульттің пайда болуы ғажап емес. Мұның алдын алу үшін алғашқы белгілері біліне басталысымен-ақ, арнайы маманнан кеңес алып, емдік шараларын бастау қажет.


Қанның қоюлануына:

  • Сапасыз су. Күнделікті тұтынатын судың сапасыздығы қанның қоюлануына ықпал етеді. Себебі қанның 85%-дан астамы судан тұрады. Егер адам сапасыз суды (атап айтқанда, лас немесе хлорлы) жиі ішсе, дене оның өзгеруіне көп жасушалық энергияны жұмсауы керек. Оның дұрыс құрылымды болуы өте маңызды, өйткені оның негізгі міндеттері қанды сұйылту және қоректік заттардың сіңуін жақсарту болып табылады.
  • Ағзаның қышқылдануы. Қалыпты жағдайда қанның аздап сілтілі реакциясы бар. Егер адам рационында қышқылды тағамдар көп болса (атап айтқанда, сүт, жұмыртқа, тазартылған қант), қанның қоюлануымен бірге қышқылдану орын алады.
  • Электромагниттік сәуле. Қанның құрамындағы шағын өзгерістерді компьютерде жарты сағат жұмыс істегеннен кейін байқауға болады.
  • Қанның қатерлі ісігі. Ауру сүйек кемігінде тұтқырлықтың жоғарылауымен бірге жүретін қызыл қан жасушалары мен ақ қан жасушаларының көп мөлшерін шығара бастайтынына әкеледі.
  • Улану. Ағзаны ауыр металдармен және пестицидтермен улау (күшті химиялық заттармен өңдеу нәтижесінде көкөністер мен жемістерде жиналуы мүмкін).
  • Қозғалыстың аздығы. Егер адам компьютер алдында көп уақыт отырса және спортпен айналыспаса, оның қан ағымы бұзылады. Бұл қанның тоқырауымен және қоюлануымен бірге жүреді.
  • Жиі стресстік жағдайлар. Стресс гормондары қан тамырларын тарылтып, қан айналымын айтарлықтай бәсеңдететіні дәлелденді.
  • Авитаминоз (ағзадағы аскорбин қышқылының және В тобындағы дәрумендердің тапшылығы) себеп болады.

фото: zdorova-krasiva.com


Қанның қоюлануының белгілері:

  • Көру және есту қабілетінің нашарлауы. Қанмен жеткіліксіз қамтамасыз ету нәтижесінде қоршаған дүниені қабылдау сезімдерінің біртіндеп төмендеуі байқалады. Осымен бірге құлақта шу пайда болуы мүмкін.
  • Тыныс алудың қиындауы. Жүректің қанды айдауы қиын болғандықтан, адамда аритмия басталады. Ол жылдам тыныс алумен бірге жүреді. Тыныс алу аз физикалық күш салудан кейін де, тыныштықта да болады.
  • Аяқ-қолдардың шаншуы. Әдетте, шаншу аяқ-қолдардың ұю сезімімен бірге жүреді. Бұл қанның капиллярларға жақсы тамбағанынан болады. Осы кезде тері де көкшіл түске айналғанын байқайсыз.
  • Ұйқының қанбауы. Миға оттегі қажетті мөлшерде жетпегендіктен, адам жиі есінейді әрі үнемі шаршап жүреді. Күндізгі уақытта адам тез шаршайды әрі көзінің асты көгерген сияқты болып тұрады.
  • Мазасыздану. Алаңдаушылық сезімнің туындауы. Жаны жай таппай, үнемі алаңдап отырады.
  • Бұлшықеттің ауыруы. Қызуыңыз көтеріліп, сай-сүйегіңіз сырқырап жатқандай сезімде боласыз. Ұйықтап жатып та демалмағандай күй кешесіз. Ауру әсіресе, бастың артқы жағынан береді.
  • Баяу қан кету. Қолыңызды, теріңізді абайсызда кесіп алсаңыз, қан өте баяу ағады. Одан бөлек, қанның түсі ашық емес, керісінше қою қызыл болады.
  • Бас ауру. Қаны қоюланған адамның басы жиі ауырады. Оны дәрімен де, тынығумен де емдей алмайсыз.

фото: cancermed.ru


Аурудың алдын алу және емделу жолдары

Қанның мөлшерін анықтаудың негізгі жолы – зертханалық талдау жүргізу. Егер қан жасушаларының (эритроциттер) саны жоғары болса, онда қан қоюланды деген сөз. Науқастың шағымына қарай дәрігер қосымша зертханалық және аспаптық диагностикалық әдістерді тағайындай алады. Олардың ішінде:

  • биохимиялық қан сараптамасы;
  • магнитті-резонансты томография;
  • компьютерлік томография;
  • эхокардиография болады.

Көп жағдайда дәрігерлер дәрілік терапияға жүгінеді. Қанды сұйылтатын дәрілер ұсынады.


Қанды сұйылтатын өнімдер

Дәрілік терапиядан басқа, күнделікті тұтынатын тағамдарға мұқият болған абзал. Қанның қоюлануына алкоголь, ысталған ет, газдалған сусындар да ықпал етеді. Оның орнына майлы балық, балық және зығыр майы, балғын көкөністер (ақ қырыққабат, брокколи) мен жеміс-жидектерді (құлпынай, жүзім және ананас) үзбей жеңіз. Оған қоса, зімбір сусынын ішу өте пайдалы болмақ. Күнде таңертең оншақты кез келген жаңғақ жеуге болады.


Дереккөз: mag.103.by


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына ЖЕТІ әдіс МИДЫҢ ерте ҚАРТАЮЫНА жол бермейді


ХОЛЕЦИСТИТ кезінде ҚАЙ жеріңіз АУЫРАДЫ?


АЙРАНҒА таза БАЛ қосып ішсеңіз АНЕМИЯДАН құтыласыз