​РЕВМАТИЗМНІҢ алғашқы БЕС белгісі

0
8 705

Ауруды асқындырып алсаңыз, инсульт алуыңыз ғажап емес.


​РЕВМАТИЗМНІҢ алғашқы БЕС белгісі

фото: vash-ortoped.com

Ревматизм – буынды зақымдайтын ауру. Біз көп жағдайда буын ауруына аса мән бермейміз. Себебі суықтаған кезде де дене құрысып, тырысып ауырады. Жалпы, суық тиюдің салдарынан буын ауруы қозады екен. Бұл бұлшықетті ауыртып көрініс береді. Медицинада оны «жедел ревматикалық безгек» деп атайды.

Буын ауруының пайда болуына бетагемолитик және стрептококк инфекциясы бірден бір себеп екенін біле жүріңіз. Инфекция ағзаға түскен соң шамамен 1-3 аптадан кейін буын аурулары байқалады. Мамандардың мәліметінше, ревматизммен көбінесе 7-15 жас аралығындағы жасөспірімдер ауырады екен.


Аурудың белең алуына:

  • баспа;
  • скарлатина;
  • фарингит басты себеп болады.

Ревматизм кезінде бірден дене қызуы көтеріліп, тізе, білек, шынтақ пен иықтың буындары қызарып, ісінеді. Буын ауруларын дер кезінде емдемесе, басқа аурулардың қозуына себепші болады. Нақтырақ айтқанда:

фото: xnog.ru

1. Ревмокардит (жүрек қабықшаларының қабынуы). Бұл кезде науқастың жүрек соғысы жиілеп, ентігеді, әлсіздік пайда болады, дене қызуы көтеріледі. Ревматизм асқында басқа ағзаларға кері әсер етеді. Оған қоса жүйке жүйесін де зақымдайды.

Ревматизм –адам өміріне қауіпті ауру. Дерт асқынып, созылмалы түріне ауысса, науқасты мүгедек етуі де ғажап емес. Шамадан тыс терлеу, тәбеттің жоғалуы да осы ауру кезінде көрініс береді.

2. Ревмополиартрит (буындардың зақымдануы). Ірі буындарда ауырсыну сезіледі. Тізе, шынтақ, табан, балтыр буындары ісінсе, онда ол полиартрит деген сөз. Бұл кезде науқастың мұрнынан қан кетуі де мүмкін.

3. Ревмохорея (мидың ұсақ тамырларының инфекциясы). Бұл ауру балаларда, негізінен қыздарда жиі кездеседі. Қолдар мен аяқтардың қимылдары үйлеспейді. Науқас агрессивті, өзімшіл немесе пассивті болуы мүмкін.

фото: Яндекс.Дзен

4. Тері ревматизмі (ақшыл қызғылт түсті ауыртпалықсыз бөртпелер). Теріге қандай да бір түсініксіз артық заттар шығады. Адам шамадан тыс терлегіш болып қалады. Одан бөлек, терінің бозаруы байқалады.

5. Ревмоплеврит. Кеудедегі ауырсынумен, ентігумен, жөтелмен бірге жүреді.

Белгілі болғандай, ас қорыту мүшелері сирек зардап шегеді, тек кейде адам іште өткір ауырсынуды сезінеді.

Осы бес белгі сізде байқалса, дереу дәрігерге тексеріліңіз. Суық тиюді, баспа, тіс, тонзиллит ауруларын елеусіз қалдырмаңыз. Оны уақытында емдеп, қажетті шараларды қарастырмасаңыз, жоғарыда келтірілген дертке шалдығуыңыз мүмкін.


Ауру емделе ме?

Ия, жазылмайтын дерт жоқ. Бастысы, уақытылы анықтап, емдеу шараларын жүргізу қажет. Ауру анықталған науқасты ауруханаға жатқызу керек. Қабынуға қарсы препараттар, антибиотиктер мен төсек режимі ауруды тез жеңуге ықпал етеді.


Дереккөз: apteka72.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


"ГЕМОРРОЙДЫҢ" шығуына СЕБЕП болатын ЖЕТІ жағдай


ДЕПРЕССИЯҒА түссеңіз БАНАН жеңіз


АПЕЛЬСИННІҢ жапырағы ТӘБЕТТІ ашады