Қай елде оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін барынша көрсетіп, ойларын еш қысылмай жеткізе алады?
көрнекілік: alliance сайтынан
Әлемнің әр түкпірінде білім беру жүйесі әртүрліше дамып келеді. Бір елдер оқушыларды тәртіпке, білімнің сапасына көбірек мән берсе, енді бірі оқушының еркіндігі мен шығармашылық қабілетіне басымдық береді. Ал ең басты сұрақ – оқушылардың шын мәнінде бақытты болуы қай елде екен?
Зерттеулерге сүйенсек, оқушылардың бақытты болуы тек қана мектептің қабырғасындағы білім сапасына емес, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа, мектептің ортақ атмосферасына және қоғамдағы қолдауға байланысты. Мәселен, Финляндия білім беру жүйесі бойынша әлемге үлгі болып отыр. Мұнда оқушыларға қысым көрсетілмейді, үй тапсырмасы аз беріледі, сабақ уақыты да қысқа. Балалар өз еркіндігі мен қызығушылығына қарай дамуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге, мектептерде жарысқа емес, ынтымақтастыққа мән беріледі, сондықтан оқушылардың психологиялық жағдайы тұрақты болады. Дәл осы себептен фин оқушылары әлемдегі ең бақытты оқушылардың бірі саналады.
Ең бақытты оқушылардың ТОП 3- тігінде топ бастайтын ел: НИДЕРЛАНДЫ екен. Себебі Нидерландта оқушылардың бақыт деңгейі ерекше жоғары. Мұнда балалар сабақ пен демалысты тең ұстай алады, спорт пен шығармашылыққа көп көңіл бөледі. Мектеп ішінде де, отбасында да оларға психологиялық қолдау көрсетіледі. Голландиялық оқушылардың өмірінде күйзеліс аз, сондықтан олар оқуды өмірдің бір бөлігі ретінде қабылдайды. Бұл елде оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне ерекше назар аударылады, сондықтан білім алу процесі еркін әрі қызықты өтеді.
Екінші орында ДАНИЯ оқушылары: Данияда да оқушылар өздерін бақытты сезінеді. Елдегі мектептерде шығармашылыққа, топтық жұмысқа, бір-бірін қолдауға басымдық беріледі. Балаларға еркін ойлау, өзіндік пікір айту, жеке шешім қабылдау мәдениеті үйретіледі. Дат қоғамында балаға жеке тұлға ретінде құрметпен қарау дәстүрге айналған. Сондықтан мектепке баратын оқушылар өздерін жайлы әрі сенімді сезінеді.
Оңтүстік Корея мен Жапония сияқты елдерде керісінше, білімге талап өте жоғары, оқушылар күндіз-түні дайындықпен жүреді. Бұл жүйе оларды білімді етеді, бірақ психологиялық тұрғыдан шаршатып, бақыт деңгейін төмендетуі мүмкін. Сондықтан мұнда оқушылардың жетістігі жоғары болғанымен, бақыт көрсеткіші төмен болып келеді.
Ал Қазақстанға келер болсақ, соңғы жылдары білім беруде жаңа реформалар қолға алынып жатыр. Оқушылардың сыни ойлауын дамыту, психологиялық қолдау көрсету, мектептегі қызықты орта қалыптастыру – басты мақсаттардың бірі. Егер осы өзгерістер нәтижелі жүзеге асса, біздің оқушылар да бақытты елдердің қатарына қосылатыны анық.
Ең бақытты оқушылар – өз ойы еркін айтатын, арманын жүзеге асыра алатын, мектепке қуана барып, достарымен шынайы орта құра алған балалар. Яғни, бақытты оқушылар қайда деген сұрақтың жауабы – мұғалімі қолдау көрсететін, ата-анасы сенім артатын және қоғамда балаға шын мәнінде құндылық ретінде қарайтын елде.