​Әкені кешіру - мол табысқа жол ашады

0
133

Қаржылық тоқыраудан шыға алмай жүрсіз бе?


​Әкені кешіру - мол табысқа жол ашады

Фото: ЖИ

Қалай әрекет етсеңіз де өміріңіздегі қаржылық тоқыраудан шыға алмай жүрсіз бе? Жеке өміріңізде де қиыншылық шаршатты ма? Мүмкін себебі тамырда жатқан болар. Иә-иә, тамыр ол - әкеңіз.

Психологиялық тұрғыдан алғанда әкеге деген көміліп қалған, тіпті саналы түрде мойындалмаған реніштер өміріңіздегі қаржылық блогтарға және ер адамдармен қарым-қатынастағы қателіктерге, жеке өмірдегі ретсіздікке алып келеді екен. Өйткені психологияда әке фигурасы - бұл біздің сыртқы әлеммен қарым-қатынасымыздың, табыс пен жетістігіміздің іргетасы боп саналады.

Сондықтан да көптеген психолог-коучтар курс сабақтарында ең алдымен әкеге деген өкпе-ренішті түбегейлі жоюдан бастайды. Ол үшін "Әкеге хат" терапиялық әдісін орындатқызады. Сіз де осы оңай терапия әдісін орындап көріңіз. Нәтижесі көп күттірмейді, өміріңіздегі өзгерістерге өзіңіз таң қаласыз.


Әкеге хат» терапиясы

Бұл іште жиналып қалған эмоцияларды сыртқа шығаруға, балалық шақтағы жарақаттарды емдеуге және ата-анамен қарым-қатынасты саналы түрде қайта қарауға бағытталған терапиялық әдіс.

Бұл техниканың мәні хатты жазу барысындағы ішкі босаңсу мен сауығуда. Сондықтан әкеңізді танымасаңыз да, ол қайтыс боп кетсе бұл техника орындалады және жазылған хатты әкеңізге жолдаудың қажеті жоқ.


Орындалуы

Қолыңызға ручка алып, әкеңізге хат жазыңыз. Компьютерде немесе телефонда емес, дәптерге қаламмен жазу маңызды. Бұл ми мен сезім арасындағы байланысты нығайтады. Хат мазмұны үш кезеңнен тұрады.

  • Бірінші кезеңде ішіңіздегі барлық «уды» шығару керек. Яғни бала кезден жиналған барлық «әділетсіздіктер» мен ауыр сөздер, реніш қағазға төгіледі. Бала күніңізде айта алмаған «Неге мені қорғамадыңыз?», «Неге қатал болдыңыз?» деген сұрақтар мен өкпелерді жазғанда әдеби тілде жазуға тырыспаңыз. Грамматикаға назар аудармаңыз, түземеңіз.
  • Бүкіл реніш жазылған соң, екінші кезеңде реніш деңгейінен жоғары көтерілу қажет. Тіпті қарым-қатынас өте қиын болса да, өмір атты ең үлкен сыйды бергені үшін алғыс айтыңыз. Бұл кезеңде жақсы қасиеттерді, өмірлік сабақтарды немесе жай ғана өмір сыйлағаны үшін рахмет айту арқылы «құрбан» рөлінен шығады.
  • Үшінші кезеңде кешірім сұрайсыз. Бұл жерде «мен кінәлімін» деу емес, «менің де тарапымнан болған түсініспеушіліктерді немесе сізден тым көп нәрсе күткенімді түсінемін» деген мағынадағы саналы татуласу жүреді. Бұл ересек адамның позициясы. Сіз әкеңіздің де қателесуге құқылы, өз жарақаттары бар пенде екенін түсініп, оны өз бейнесінде қабылдайсыз. Трансформация осы кезеңде жүреді. Есте ұстаңыз, кешірім - трансформация. Ал тарнсформация сізге керек. Сондықтан міндетті түрде кешіріңіз. Кешіру онымен міндетті түрде дос болып кету емес. Басты ол кісі туралы ойлағанда ренжімеу.

Жазып болған соң хатты өртеп жіберуге немесе жыртып тастауға болады. Бұл өткенмен қоштасуды білдіреді.


Қанша күн жазу керек?

Хат жазу 7 немесе 21 күнге жалғасады.Өйткені бір күнде сананың ең тереңіндегі қабаттар ашылмауы мүмкін.

7 күн әдісі: Күн сайын бір хаттан жазасыз. Алғашқы күндері тек агрессия мен реніш шығуы мүмкін, ал 4-5 күнге қарай шынайы алғыс пен кешірім сезімі ояна бастайды.

21 күн әдісі: Егер әкеңізбен қарым-қатынас өте ауыр болса немесе ол кісі өмірде жоқ болса, бірақ іште «аяқталмаған гештальт» қалса, 21 күн бойы жазу әдетті және ойлау жүйесін түбегейлі өзгертуге көмектеседі.


Нәтиже

Егер сіз хатты жазып болғанда немесе бірнеше күннен кейін әкеңіз туралы ойлағанда ішіңізде «ауырлық» емес, «тыныштық» пайда болса техниканың мақсатына жеткеніңіз. Ары қарай ішкі дүниеңізде де, сыртқы өміріңізде де нақты өзгерістер бола бастайды.

  • Арқадан жүк түскенін сезінесіз. «Эмоциялық түрмеден» босайсыз.
  • Ересек позициясына өтесіз. Құрбан рөлінен шығасыз. Бұрын әкеңізге тек «мінезсіз немесе қатал әке» деп қарасаңыз, техникадан кейін оның да өз жарақаттары, қиындықтары мен қателіктері бар жай ғана адам болғанын түсінесіз. Бұл — нағыз кешірімнің бастауы.
  • Өзіне деген сенімділік пайда болады. Қаржылық блок алынып тасталған соң адам іс бастаудан қорықпайтын болады.
  • Егер сіз әйел адам болсаңыз, әкеге деген көзқарастың өзгеруі серігіңізбен (күйеуіңізбен) қарым-қатынасты автоматты түрде жақсартады. Әкеге деген реніш кетсе, жеке өмір реттеле бастайды.
  • Психосоматикалық белгілердің (тамақтағы түйін, кеудедегі қысым, созылмалы бас аурулары) азаюы немесе толық жойылуы мүмкін.

Айта берсек, пайдасы көп. Бастысы, бұл әдіс жай ғана қағаз шимайлау емес, өткеннің ауыр жүгін бүгінгі күнге тасымалдауды тоқтатады. Сондай-ақ әкеңізге деген реніштерді босату арқылы ішіңіздегі кішкентай баланы еркіндікке шығарасыз. Өміріңіздегі өсу, өркендеу осыдан соң басталады.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Шутценбергер ДҰҒАСЫ: Сәтсіздікті тоқтатуға болады

МАМА-терапия: баланы емдейтін СУПЕР әдіс