Ақшаны дұрыс жұмсай аласыз ба?

0
3 561

Отбасылық кіріс көлемі артқан сайын, қажет заттар тізімі де толыға түсетіні несі екен… Солай екенін әрбір әмиян ұстаушы жақсы біледі. Базбіреулер ептілігінің арқасында «жұмыртқадан жүн қырқып», қаржысын үнемдеп, еселей алады. Енді біреулер біріне тартса, екіншісіне жеткізе алмай, кедейліктің аулынан алыстамай жүр. Мамандар мұндай жағдайға психологиялық проблема деп қарайды. Ал, сіз ше? Қолыңыздағы қаражатты орнымен жұмсай аласыз ба? Cұрақтың жауабын тест көмегімен білуге болады.


Ақшаны дұрыс жұмсай аласыз ба?

Отбасылық кіріс көлемі артқан сайын, қажет заттар тізімі де толыға түсетіні несі екен… Солай екенін әрбір әмиян ұстаушы жақсы біледі. Біреулер ептілігінің арқасында «жұмыртқадан жүн қырқып», қаржысын үнемдеп, еселей алады. Енді біреулер біріне тартса, екіншісіне жеткізе алмай, кедейліктің аулынан алыстамай жүр. Мамандар мұндай жағдайға психологиялық проблема деп қарайды. Ал, сіз ше? Қолыңыздағы қаражатты орнымен жұмсай аласыз ба? Cұрақтың жауабын тест көмегімен білуге болады.

Сұрақтардың жауабын 1-ден 5-ке дейінгі сандармен белгілейсіз:

1 — табанды түрде, жоқ;

2 — дұрысы, жоқ;

3 — нақты жауап жоқ;

4 — дұрысы, иә;

5 — табанды түрде, иә.

Егер, сұрақтың сізге қатысы жоқ деп санасаңыз, 3-інші, яғни, бейтарап жауапты таңдайсыз. Әр сауалдағы жауап нөмірін қағазға түсіріп отырыңыз. Тест ақша жұмсаудағы көзқарасыңызды нақтылайтындықтан, сауалдарға бүкпесіз әрі шынайы жауап берсеңіз, өзіңізге жақсы. Сонымен…

  1. Ойыңыздағы істі жүзеге асыру үшін ақшаны қайдан табамын деп мазасызданасыз ба?
  2. Банктік есепшоттағы қаржыны көбейту үшін қысқа мерзімді жарнадан бас тартасыз ба?
  3. Жаңадан шыққан бір зат сатылымда. «Қандай екен?» деп қанша қызыққаныңызбен, оның сізге қажеті жоқ. Сатып алудан бас тарта аласыз ба?
  4. Есепшоттағы ақша қосымша қаржылар есебінен толығып жатыр. Бұл сіздің көңіл-күйіңізді көтере ме?
  5. Көлденең шығынды жабуда есепшотыңызда жеткілікті ақша болғанын қалайсыз ба?
  6. Қордағы қаржыны көбейтуге мүмкіндік туғанда, қажет жеріне жұмсамай, сол мүмкіндікті ұтымды пайдалана аласыз ба?
  7. Ақшаға қатты қажеттілік туғанда тағдырдың тосын сыйы немесе күтпеген қаржыға қол жеткізген оқиғалар орын алды ма?
  8. Аса қажет затыңыздан қаржыны үнемдеу керектігіне байланысты бас тартқан кезіңіз болды ма?
  9. Тұрақты кіріс көзінен айрылғанда, негізгі «тіректі» яғни, жинаған ақшаңызды сақтап қала аласыз ба?
  10. Сіздің жалақыңыз өз қажеттілігіңізді толығымен өтей ала ма?

Қорытынды:

Жауаптарды бір-біріне қосып шығыңыз. Тек, 1-ден 6-ға дейінгі сұрақтардың жауабы мен 7-10 аралығындағы сұрақтардың жауабы бөлек есептеледі.

1-6 сұрақтар жауабын есептегенде, 18 балл жиналса:

Сіз — үнемшіл адамсыз. Жинақы, ұқыпты жандар ақшаны қалай болса солай жарату орнына, аз мөлшерде болса да жинағанды дұрыс санайды. Сізге қаржылық басымдықтың арқасында өзгелерге үстемдік еткен ұнайды. Тірнектеп болса да ақша жинаудың жолын білетіндіктен, өмірдегі мақсатыңызға тезірек қол жеткізе аласыз.

1-6 сұрақтар жауабы 18 балға жетпесе:

Сізді ысырапшыл жандардың қатарына жатқызамыз. Себебі, қолыңызға ақша түссе, сол күні, сол сәтте жұмсағанды жақсы көресіз, солай ма? Болмашы ұсақ-түйекке құртатындықтан, ойыңыздағы нақты, үлкен жобаларға қаражат таппай қиналасыз. «Бүгінгі күнмен өмір сүр, болашақты жақсартуға әлі үлгересің» деген қағиданы ұстанудан бас тартпасаңыз, әлі талай қиналарыңыз анық.

7-10 сұрақтар аралығын есептегенде, 12 балл жиналса:

Сізді «ақша тартқыш магнит» деуге болады. Өйткені, қаржыға деген қажеттілік пайда бола қалса, ақша су секілді өзі ағып келеді. Тіпті, қаражат мәселесіне бас ауыртпайтын кездер де баршылық.

7-10 сұрақтар жауабы 10 балға жетпесе:

Бұл типтегі адамдардың әмияны әрдайым тесік. Олардың санасында ылғи ақшаны қалай табам, қалай жеткізем деген сұрақ тұрады.