​Арманды “оятатын” SMART техникасы

0
186

Сіздің арманыңыздың орындалмай жатқаны осы себептерде.


​Арманды “оятатын” SMART техникасы

Фото: жасанды интеллект

2026 жылға арнап 100 мақсат жазып қойдыңыз ба? Трейсидің күнде 10 мақсат жазу техникасын орындап, көз алдына арманыңыздың картинасын елестетіп жүрсіз бе? Бұл әдістерді қанша жылдан бері қолданып жүрсіз?

Сізге көп коуч айтпаған құпияны айтайық, егер миға нақты, анық тапсырма бермесеңіз, онда арман-мақсаттарыңыздың орындалуын ұзақ күтесіз. Өйткені ми нақтылықты талап ететін «навигатор». Мысалы, навигаторға жай ғана «бір жерге барғым келеді» десеңіз, ол орнынан қозғалмайды. Оған нақты координаттар, көше аты және үй нөмірі қажет. Дәл сол сияқты арман-мақсаттарыңыз «тұманды» болғандықтан, ми оған жету жолдарын көре алмайды. Міне, арманыңыздың орындалмауының басты себебі осында.


Қалай жазу керек?

Арман-мақсатты жазғанда SMART форматында жазыңыз. Бұл арманды нақты іс-қимыл жоспарына айналдырады.

Мысал: үй алу туралы арманыңызды сіз қалай жазып жүрсіз? Ал SMART форматында былай жазылады:

  • S (Specific) – Нақты: “Үй алғым келеді” немесе “Үй алдым” емес, “Шымкент қаласы, Қаратау ауданынан, Dendropark тұрғын үй кешенінен 2 бөлмелі пәтер аламын”.
  • M (Measurable) – Өлшемді: “Пәтердің бағасы 35 000 000 теңге, ауданы 90 шаршы метрден кем емес».
  • A (Achievable) – Қолжетімді: “Ол үшін мен ай сайын 300 000 теңге жинаймын және Отбасы банкіндегі депозитімді пайдаланамын».
  • R (Relevant) – Маңызды: Бұл жерде маңыздылығы неде екенін эмоционалды тұрғыда жазу керек. Бұл үй сізге не береді? Статус па? Тыныштық па? Бұл үй менің отбасымның жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін қажет”.
  • T (Time-bound) – Мерзімі белгіленген: “Мен бұл үйдің кілтін 2026 жылдың 1 желтоқсанына дейін (немесе 25-желтоқсанда) аламын”.

Сонда сіз үй туралы арманыңызды (мақсатыңызды) былай жазсаңыз, ми мүмкіндіктерге жылдам жеткізеді: “Мен 2026 жылдың 25-желтоқсанында Шымкент қаласы, Қаратау ауданынан, Dendropark тұрғын үй кешенінен құны 35 миллион теңге болатын, көлемі 90 шаршы метр 2 бөлмелі жеке пәтер сатып аламын”.



Екінші мысал: Көп адам «Жақсы көлік мінгім келеді” деп армандайды. Ми тез түсініп, мүмкіндік іздеу үшін SMART форматына салып жазу керек.

  • S (Specific) – Нақты: “Көлік алғым келеді” емес, “Toyota Camry 70 моделін, ақ түсті, жаңа күйінде салонан аламын.
  • M (Measurable) – Өлшемді: Бағасы 18 000 000 - 20 000 000 теңге аралығында”.
  • A (Achievable) – Қолжетімді: “Қазіргі табысымның 30%-ын жинаймын және ескі көлігімді Trade-in бағдарламасымен өткіземін”.
  • R (Relevant) – Маңызды: «Бұл көлік маған қала ішіндегі жайлылықты, отбасыммен қауіпсіз жүруді және іскерлік ортадағы статусымды бекітуді береді”.
  • T (Time-bound) – Мерзімі: “2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін алып, жүргіземін”.

Нәтиже: “Мен 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін құны 20 миллион теңге болатын, ақ түсті Toyota Camry 70 көлігін автосалоннан сатып аламын”. Енді миыңыз “қайдан ақша табам?” емес, “осы нақты көлікке қалай жетемін?” деген алгоритмді іске қосады.

Жаңа жылда жазған арман-мақсаттарыңызды SMART форматына сай келе ме, тексеріп шығыңыз. Өйткені SMART техникасы ми үшін «бұл маған шынымен керек» деген сигнал береді.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:

Тесланың «ҒАЛАМНЫҢ КІЛТІ» деп атаған әдісін білесіз бе?

"3 Ғажайып" техникасы таңқалдырады