Бұл өміріңізді жақсарта тың әдіс.
Фото: novochag.ru
Соңғы уақытта таңертең тұра сала шүкіршілік (ризашылық) күнделігін жүргізу тәжірибесі кең тарап, оның өмірді өзгертетін таңқалдырарлық нәтижелері әлеуметтік желілерде жиі талқыланып келеді. Осы тәжірибенің тиімділігінен әлдеқайда күшті жұмыс істейтін, нейрофизиологиялық тұрғыдан негізделген бір әдіс бар. Ол - "3 Ғажайып" техникасы деп аталады.
Бұл әдісті кейбір адамдар экзотерикаға жатқызғанымен, оның негізінде ми жұмысының қағидалары, назарды басқару психологиясы және мінез-құлықтық ғылым жатыр.
Орындау алгоритмі
Бұл техника күнделікті іс-әрекетіңізді бұзбайды, тез орындалады әрі өте қарапайым.
- Ұйқыдан оянған соң төсекте жатып дауыстап, анық ниетпен "Бүгін менің өмірімде үш ғажайып болады!" деп үш рет қайталаңыз.
- Блокнотыңызға "Бүгін менің өмірімде 3 ғажайып болады" деп үш рет жазыңыз.
Бұл бар болғаны екі минут уақытыңызды алады. Екі-ақ минутта ғажайыптардың орын алуына қажетті психологиялық және нейрофизиологиялық негіз қаланады.
Неге таңертең?
Ұйқыдан тұрған кезде миыңыз әлі де альфа-тета толқындары арасындағы шекарада болады. Бұл – мидың ең қабылдағыш күйі. Бұл кезде біздің ішкі "күмәнданушы" немесе сыншыл фильтр (сананың қорғаныс механизмдері) әлі толық іске қосылмаған. Сондықтан, айтылған әрі жазылған позитивті ниет тікелей бейсанаға өтіп, сенімге және болашақ әрекет бағдарламасына айналу мүмкіндігі артады.
Ауызша айтылған аффирмацияны қосымша қолмен жазу – әсерді екі есе күшейтеді. Қолмен жазу қозғалтқыш (моторлы) есте сақтауды, көру арнасын және мидың бірнеше аймағын қатар жұмыс істету арқылы нейрондық жолдың тез қалыптасуына әкеледі.
Қандай "ғажайыптар" күтуге болады?
Ғажайып дегеніміз – сіздің назарыңызды позитивке аудару арқылы өміріңіздегі жақсы өзгерістерді, жағдайларды және мүмкіндіктерді байқауды үйрену. Олар әртүрлі деңгейлерде көрініс табады:
- Психологиялық деңгей: мазасыз ойлардың тоқтауы, ішкі тыныштықтың орнауы, эмоционалдық жағдайдың жақсаруы, өзіңізге деген сенімнің артуы, өмірге деген құштарлықтың оянуы т.б.
- Әлеуметтік деңгей: күтпеген сыйлықтар мен көмектер, қарым-қатынастың жақсаруы (мысалы, араздасқан адамның кешірім сұрауы), маңызды қоңырау, қарыздың оңай қайтарылуы, шаруалардың жылдам әрі кедергісіз шешілуі т.б.
- Мінез-құлық деңгейі: кейінге қалдырылған істерді (прокрастинация) тез орындау, зиянды әдеттен оңай бас тарту, маңызды шешімдерді батыл қабылдау т.б.
- Физикалық деңгей: энергияның артуы, ұйқының жақсаруы, созылмалы ауырсынулардың басылуы, салауатты өмір салтына деген құштарлықтың артуы.
Техниканы тұрақты қолданған адамдардың өмірінде кәсіп ашу, денсаулықтың жақсаруы, тіпті қаржылық жағдайдың айтарлықтай өзгеруі сияқты үлкен ғажайыптар да орын алған.
Неліктен "жұмыс істейді"?
"3 Ғажайып" әдісі – бұл өз санаңызбен саналы түрде жұмыс істеу тәсілі. Оның тиімділігі бірнеше психологиялық және нейробиологиялық қағидалармен дәлелденген:
- Біздің миымыз неге назар аударсақ, соны іздей бастайды. Ретикулярлы активациялық жүйе (RAS) "3 ғажайып" ниетін алғаннан кейін, осы позитивті нәрселерді айналадағы оқиғалардан сүзіп алып, бізге көрсете бастайды.
- Әдіс ризашылық практикасы және позитивті аффирмация элементтерін біріктіреді, бұл мидағы бақыт гормондарының (серотонин, дофамин) бөлінуін арттырады.
- Әдіс ой, сезім және әрекет байланысын нығайтады. Қысқаша айтқанда ниет (Ой) назарды өзгертеді, назар әрекетті өзгертеді, әрекет қажетті нәтиже береді.
Қанша күн орындау керек?
- 7 күн: "Жұмыс істейді екен!" деген алғашқы сезімді тудыру үшін жеткілікті мерзім. Сіз ұсақ, жақсы нәрселерді байқай бастайсыз. Бұл – алғашқы оң нәтижелерді тіркеу кезеңі.
- 21 күн: Дағдыны қалыптастыру мерзімі. Осы уақыт ішінде ми бір ойды қайталау арқылы жаңа, тұрақты нейрондық жол қалыптастырады. Назар негативтен позитивке қарай ауысады.
- 30-40 күн: Автоматтандыру кезеңі. Ми автоматты түрде жақсы нәрселерді іздейді, уайым деңгейі (кортизол) төмендейді, шешім қабылдау жеңілдейді. Ойлау стилі ішінара өзгере бастайды.
- 90 күн (3 ай): Бұл кезеңде ойлау стиліңіз толықтай өзгереді. Жаңа "Мен" қалыптасады. Ең таңқаларлық және үлкен "ғажайыптар" дәл осы мерзімнен кейін тұрақты түрде орын ала бастайды.
Ал біз "3 Ғажайып" әдісін күнделікті өмірге енгізіңіз деп кеңес береміз. Сонда әр күніңіз жақсы, жаңа өзгерістерге толы болады.
Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,
Тағы да оқыңыз:
Көп АҚША қандай адамдарға КЕЛЕДІ?
Аттестация, ҰБТ және емтиханға дайындықта көмектесетін СУПЕР әдіс


