Байығыңыз келсе АҚШАҒА ХАТ жазыңыз

0
153

Мультимиллионер Джен Синсероның қолданған әдісі. Міндетті түрде бір рет болса да орындаңыз!


Байығыңыз келсе АҚШАҒА ХАТ жазыңыз

Фото: ЖИ

Психологиялық терапияда "Әкеге хат", "Болашақтағы өзіңнен хат" жаттығулары қазір көп оқырманға таныс болса керек?! Өйткені бұл әдістерді коучтар жиі қолданып, айтып жүр. Ал "Ақшаға хат" әдісін білесіз бе? Иә-иә, адамға арнағандай хат жазасыз.

Бұл қаржылық блоктарды жоюдың қуатты әдісі. Сіздің ішкі әлеміңізді зерттеп, теріс ойларды өзгертіп, қаржылық еркіндікке жол ашады.

Бұл әдіс америкалық жазушы, коуч және мотивациялық спикер Джен Синсероның "Не ной" деген кітабында егжей-тегжейлі сипатталған. Кітапта Джен Синсеро 40 жасына дейін айтарлықтай табысы жоқ, гаражда тұрып, арзан дүкендерден сауда жасаған қарапайым әйел болғанын жазады. Ол өзінің ойлау жүйесін түбегейлі өзгерткенде мультимиллионерге айналғанын айтады.

Оның қаржыға байланысты бірнеше кітабы бар, Кітаптарында ол ақшаны тек сандар ретінде емес, энергия және психологиялық блоктармен байланыстырады. Синсероның айтуынша, ақша біздің эмоциялық қарым-қатынасымызға жауап береді. Егер сіз ақшаға қызғанышпен, қорқынышпен немесе кінә сезімімен қарасаңыз, ол сізден "қашады". Керісінше, оған алғыс айтып, құрметпен қарасаңыз, ол сіздің өміріңізде көбейеді.

Джен Синсероның "Ақшаға хат" жаттығуы бала кезден қалыптасқан теріс сенімдерді (мысалы, "Ақша – қолдың кірі", "Байлар – арамза" немесе "Ақша бақыт әкелмейді") қайта қарауға көмектеседі. Ал ақшаға қорқыныш, кінә, тәуелділік сезімдермен қарасаңыз, ол сізде тұрақтамайды. Ақшаға хат жазған кезде осы сезімдер анықталады. Ол түзелгенде, ой өзгеріп, ақша кедергісіз сізге келе бастайды.


Қалай жазу керек?

1-күні: Тыныш жерде отырыңыз, қолыңызға қалам мен қағаз алыңыз. Ақшаға адам сияқты хат жазыңыз. "Құрметті Ақша" деп бастаңыз. Өзіңіздің сезімдеріңізді ашық айтыңыз. "Неге маған келмей жүрсің?" деп, ары қарай ақшаға деген ренішіңізді, қорқынышыңызды немесе сенімсіздігіңізді жазыңыз. Мысалы: "Сен әрқашан басқаларға барасың, ал маған анда-санда келесің. Неге? Мүмкін мен сені ұстап тұра алмаймын, өйткені бала кезімде "ақша оңай келмейді" дегенді көп естігенмін".

"Құрметті ақша! Мен сенің елу миллион боп келгеніңді қалаймын?" (Өзіңізге қажетті нақты соманы сипаттаңыз). Қалауыңыздағы сомма қолыңызға тигенде қандай сезімде боласыз? Эмоцияңызды елестетіңіз және сезініңіз. "Сен келгенде мен еркіндікті сезінемін, саяхаттаймын, жақындарыма көмектесемін. Мен бақыттымын, өйткені сен менің өмірімді байытасың" деген сияқты өз сезімдеріңізді жазыңыз. Сіз күткен нақты сомма қайда кететінін жазыңыз: үй сатып алу, білім алу, саяхаттау т.б. Хатты "Мен сенің келуіңе рұқсат беремін" деп аяқтаңыз.

2-күні: Хатты оқып шығыңыз және теріс ойларды тауып, оларды оң аффирмацияларға ауыстырыңыз: "Ақша маған оңай келеді" немесе "Мен байлыққа лайықпын". Хатты міндетті түрде "Мен сенің келуіңе рұқсат берем" деп аяқтау керек. Хатта реніштеріңізді жазбайсыз. Керісінше, алғыс айтасыз. Бұл жаттығуды қомақты ақша керек болған кезде әрқашан орындай беруге болады.


Әсері

"Ақшаға хат" жаттығуынан соң өміріңізде өзгерістер орын ала бастайды.

  • Теріс ойларды оңға ауыстырып, ақшаның ағынын ашасыз.
  • Эмоциялық байланыс орнатасыз. Ақшаны "дос" ретінде көресіз, алғыс айтасыз – бұл оның көбеюіне әкеледі.
  • Мақсаттарыңызды нақтылап, бай болу шешімін қабылдайсыз. Небір идеялар келе бастайды. Әрекетке көшесіз.

Тәжірибеде бұл жаттығуды қолданған адамдар табысын 2-3 есе арттырғанын айтады. Мысалы, бір әйел хат жазған соң, жоғары жалақысы бар қызметке ауысқан. Ал бұл әдістің авторы Синсеро қарапайым әйелден танымал, табысты ханымға айналған.

Ж. Смағұлова,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Шутценбергер ДҰҒАСЫ: Сәтсіздікті тоқтатуға болады

МАМА-терапия: баланы емдейтін СУПЕР әдіс