Бұл суретті тест 2 секундта қай салада жұмыс істеу сізді табысты, танымал ететінін «айтып береді».
Психологияда адамды жылдам тануға арналған әдіс-тәсіл көп. Соның бірі – суретті тест. Мысалы, мынау сурет арқылы психологтар сіз туралы айтып, қабілеттеріңізге қарай жемісті жолды нұсқап бере алады екен.
Ендеше, суретті тесті бірге сынап көрейік. Суретке 1-2 секунд қараңыз. Бірінші не көрдіңіз: еркектің бетін бе, әлде әйелдің сұлбасын ба?
ЕРКЕКТІҢ БЕТІ
Фото: mama.ru
Егер бірінші еркектің бетін көрсеңіз, онда логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамсыз. Өзіңізден де, өзгелерден де ең бірінші жауапкершілік пен тәртіпті талап етесіз. Эмоция, манипуляция мақсат жолынан адастыруы сирек. Сондықтан да мұндай адамдар басқарушылық, басқару қызметтерде, математикамен байланысты ғылым салаларында жетістікке жетеді.
Егер әлі күнге дейін мол табыс, атақ-даңқ, танымалдылыққа жете алмай жүрсеңіз, онда шығармашылық, үйрету жұмыстарынан жетекшілік, ұйымдастыру қызметтеріне ауысқаныңыз дұрыс-ақ.
Сізде сол жақ жарты ми шары оң жақ ми сыңарына қарағанда белсенді болғандықтан, сөйлеу кезінде ойлау қабілеті іске қосылады. Есте ұстаңыз, не нәрседе де ұтымды жол іздесеңіз, сізге «ауызша ойлау» қажет. Яғни, өмірлік, отбасылық мәселелердің дұрыс шешімін табу үшін ойыңызды дауыстап айта отырып жоспарлаған абзал.
ӘЙЕЛ СҰЛБАСЫ
Фото: mama.ru
Сізді эмоция басқарады. Көңіл күйіңізге қарай бірде шөл, бірде көл адамсыз. Біреулер нәтижеге, мақсатқа жету үшін нақты жоспарды қажет етсе, сізге бұл керек емес. Шабыт керек!
Жақсы көңіл күй мен шабыт болса, бір айда бітетін жұмысты бір-ақ аптада жемісті аяқтай аласыз. Шабытпен жұмыспен істейтін мұндай адамдар уақытқа, тәртіпке бағынғанды ұнатпайды, жоспармен жүрмейді. Сондықтан да олар басқару, басшылық қызметтерде көп ақсайды, адамдарды, топты басқара алмайды. Керісінше шығармашылық жұмыстарда биік шыңдарға шыға алады.
Шабытпен шапқылайтын шығармашыл адамдарда логика емес, философиялық ойлау, интуиция сезімі жақсы дамыған. Олар алдымен ойлап, сосын сөйлейді, яғни оң жақ жарты шар ми сыңары белсенді.
Сондықтан сізге кез келген мәселеден шығудың жолын жазып, елестетіп, суретін сызып ойланып іздеу керек. Сонда сіз мәселеден шығатын бір емес, бірнеше жолды таба аласыз.
Ж. Нұрабайқызы,
Тағы да оқыңыз:
20-20-20 формуласы ӨМІРді ӨЗГЕРТеді
Негатив пікір ЖҮЙКЕГЕ ТИСЕ не істеу керек?