Дұрысы, уәде бермей-ақ қойыңыз, әйтпесе...
фото: thebalanceeveryday.com
Қазақта «Уәде – Құдай сөзі» деген нақыл бар. Осыдан-ақ оның салмағының қаншалықты екенін аңғаруға болады. Әйтсе де, уәдені ұмыт қалдыратындар көп-ақ.
Ал жантану мамандары өміріңізде аяқ астынан орын алып жатқан келеңсіз жағдайлар, мәселелер уәдені орындамағаннан болуы ықтимал дейді. Әсіресе, адамның өзіне берген уәдесінің зардабы көбірек көрінеді. Әрине егер уәдені орындасаңыз, оның ешқандай зияны да, қаупі де жоқ.
Сонымен, уәдені орындамаса не болады? Бұл сұрақ сізді ойландыра ма? Ендеше, оқыңыз және ұмыт қалған уәделеріңізді жыл соңына дейін орындаңыз!
1. Адамда түпсана деген бар. Сіз ұмытқаныңызбен, түпсана кез келген ойды, сөзді ешқашан ұмытпайды. Оны «қарыз» ретінде жинай береді. Банк немесе сізге қарыз берген адам сияқты түпсана да белгілі бір уақытты күтеді. Сосын өміріңізге ақшалай шығын шығатын түрлі проблемалар «жіберуді» бастайды.
Мысалы, ол шығын – жол апаты, көлікті соғып алу, ауру, өрт, қымбат тұрмыстық заттардың бұзылуы, істі болу т.б. түрінде болуы мүмкін.
2. Банктен несие алған, несиеге зат, баспана немесе көлік рәсімдеген адамның «несие тарихы» болады. Келесіде етағы да несие алуға барғаныңызда банк менеджері несие тарихын тексереді. Уақытылы төленбеген, әлі жабылмаған қарыздарыңыз болса, қалауыңыз орындалмай қайтасыз. Солай ғой.
Уәдесін уақытылы орындамаған адамдарды да тағдыр осылай жазалайды екен. Нақтырақ айтсақ, тілектеріңіз орындалмайды. Оңашада, түн ұйқыңызды бөліп алақан жайып сұрағаныңыз, дұға-тілегіңіз қабыл болмай жатса, кімге қашан қандай уәде бергеніңізді еске түсіріңіз.
3. Есте ұстаңыз: кез келген проблема – бұл сізге берілген белгі. Уәдені бұзу – заңға бағынбағанмен бірдей. Алдымен ескерту жіберіледі, сосын біртіндеп жаза қатаңданады.
Ойланыңыз, кімнің алдында қарыздарсыз? Кімге ақшасын қайтармай жүрсіз? Кімнің наласына қалдыңыз? Қай уәдеңізді орындамадыңыз?
Өзіңізге ше, қандай уәде беріп едіңіз: темекіні тастау, ішімдікті татып алмау, арықтау, таңертең жүгіруді бастау, шет тілін үйрену, тіс жөндету, ай сайын депозитке ақша салып отыру, рухани даму, білім жетілдіру т.б.
Ешкімге айтпай, жай өзіңізге өзіңіз берген (немесе іштей ойлаған) уәде сөздер де өзгеге берген уәдеден айырмашылығы жоқ. Екеуінің де жазасы бірдей.
4. «Шынымен ұмытып кетіппін» деп ақталғаныңызды түпсана түсінбейді. Сондықтан да ұмытпас үшін, уәделеріңізді қойын дәптеріңізге жазып жүріңіз. Немесе қолыңыздан келмейтінді айтпаңыз. Дұрысы, құрғақ уәдеден аулақ болыңыз.
ЕГЕР ШЫНЫМЕН ОРЫНДАЙ АЛМАСАҢЫЗ...
Пендеміз ғой, сіз де мүмкін орындай алмасаңыз да кезінде өзгеге де, өзіңізге де уәдені үйіп-төгіп берген шығарсыз. Уайымдамаңыз, оның жазасынан құтылуға болады.
- Алдымен материалдық және эмоциональдық тұрғыда да бұрынғы уәделеріңізді орындай алмайтыныңызды мойындаңыз.
- Қағазға «Менің бұл уәдемнің (қай уәде екенін жазасыз) қарызын жой. Ал мен сол уәденің орнына мына істі қазір (ертең, бір аптадан соң) істеймін (қандай іс, жақсылық, кімге екенін) анықтап жазыңыз. Қолыңыздан келетін, шамаңыз жететін істі жазыңыз.
- Міндетті түрде жазған уәдені орындаңыз.
- Осылай ұмыт қалған, ұмытпасаңыз да орындай алмаған уәделеріңіздің әрбірін жеңілімен ауыстыруға болады.
Дайындаған: Жазира Смағұлова,
Тағы да оқыңыз:
Су құбыры БҰЗЫЛЫП, шам КҮЙІП КЕТЕ БЕРСЕ үйді "ТАЗАЛАУ" КЕРЕК
РЕНІШтен ҚҰТЫЛУдың 5 супер-әдісі