Су құбыры БҰЗЫЛЫП, шам КҮЙІП КЕТЕ БЕРСЕ үйді "ТАЗАЛАУ" КЕРЕК

0
3 354

Үй энергетикасы кемісе проблемалар көбейеді екен.


Су құбыры БҰЗЫЛЫП, шам КҮЙІП КЕТЕ БЕРСЕ үйді

Фото: maximainmobiliaria.com

Адамның ғана емес, үйдің де энергетикасы болады дейді арнайы мамандар. Ол да таусылады, кемиді, кірлейді екен. Бұны қалай білуге болады?


ЕГЕР:

  • Үйіңізде ұрыс-керіс көбейсе;
  • Отбасы мүшелері ұйқышыл боп кетсе;
  • Жұмыс істемесеңіз де шаршап қала берсеңіз;
  • Таракан, құмырсқа немесе басқа жәндіктер пайда болса;
  • Бөлме гүлдері өздігінен солса;
  • Үй жануарлары (мал, құс, ит т.б.) өлсе;
  • Заттарыңызды, бұйымдарыңызды жиі жоғалтсаңыз;
  • Тұрмыстық техникалар бірінен соң бірі бұзыла бастаса;
  • Су құбыры бұзылып, шам күйе берсе;

Онда үйдің энергетикасын тазалап, қуаттандыру керек екен. Өйткені бұл белгілер үй энергетикасы кемігенде, ластанғанда байқалатын көрінеді.


Үй энергетикасын арттырудың бірнеше әдісі бар. Соның ең оңай бірқатарына тоқталайық. Ал сіз өзіңізге ыңғайлысын таңдап алып, орындаңыз.



ЖУУ

Үйдегі кір заттың бәрін жуыңыз. Төсек жаймалар, перделер, жалюздер, клемдер соңғы рет қашан жуылған еді? Терезе әйнектері мен айналарды, есіктерді де жууды ұмытпаңыз. Шаңдарды қағыңыз, сүртіңіз.

Май сіңіп қалған ескі майлықтарды (жусаңыз да кетпесе), жағымсыз иіс шыға бастаған асханалық сүлгілерді, еден жуатын шүберекті қоқысқа тастаңыз.

Барлығын жуып, тазалап болған соң, соңында еденді және есік тұтқаларын ас тұзы қосылған сумен сүртіп шығыңыз.



АЛАСТАУ

Бұл барлық халықта бар әдіс. Кәдімгі балауыз шамды әр бөлмеге 30-40 минут жағып қойсаңыз болады. Немесе балауыз шамды жағып, онымен үйдің бұрыш-бұрышын, барлық бөлмені аралап шығыңыз. Оның орнына адыраспанды, я болмаса арша бұтақтарын түтетіп аластасаңыз да болады.

Отпен аластауды сыртқы есіктен ішке қарай жүріп бастаңыз және бастаған тұсқа қайта келіп аяқтауыңыз керек. Аластау аяқталған соң терезелерді ашып желдетіңіз.



ДЫБЫСПЕН ТАЗАЛАУ

Экзотерика мамандары қол қоңырауын соғып жүріп, бөлмелерді аралауға кеңес береді. Егер қоңырау таппасаңыз, интернеттен қоңыраудың дыбысын тауып қойып, сонымен-ақ энергетиканы арттыруға болады екен.

Сондай-ақ аптасына бір рет бір сағат сүрелердің аудиосын қойып, тыңдауға да болады.


Энергетикасы таза және мол үйдің адамдары бақытты, көңілді, өмірге құштар, мейірімді болады. Ал энергетикасы лас немесе онысы жоқ үйден керіс, түрлі проблема таусылмайтын көрінеді. Олай болса, айына бір рет осы аталған тазалау, қуаттандыру әдістерін орындап тұрыңыз.

Ал, оқырман, сіз қандай қуаттандыру тәсілін білесіз? Білетініңізбен бөлісе отырыңыз.


Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


РЕНІШтен ҚҰТЫЛУдың 5 супер-әдісі

Бұларды КҮНДЕ істеңіз! Нәтиже бір аптада!