ҰБТ-да ЖОҒАРЫ БАЛЛ жинаудың ӘДІСІ бар

0
4 063

Тек ҰБТ сұрақтарына жауап таппай қиналғанда ғана емес, кез келген емтиханда, кез келген жастағыларға көмектеседі бұл әдіс.


ҰБТ-да ЖОҒАРЫ БАЛЛ жинаудың ӘДІСІ бар

«Интуициям алдамапты», «Мен интуициямды тыңдап бармаған едім, бір жамандықты сезген екенмін», «Интуицияма сенем» деген сияқты сөздерді естіп жүрген боларсыз?! Ал сіздің интуицияңыз ояу ма?

Барлық адамда алтыншы түйсік, яғни интуиция бар. Бұны кейбіреулер «ішкі дауыс» деп те атап жүр. Біреуде ол дамыған, ал біреуде «ұйықтап жатыр». Тағы біреуде ол ояу болғанымен, іске қосылмаған. Ал эзотерика мамандары интуициясы жақсы дамыған адам өмірде, жұмыста да көп қателік жібермейді дейді. Сонымен бірге ол алдын ала бәрін сезеді, қиын шақта дұрыс, ұтымды шешім қабылдай алады. Сондай-ақ түйсігі жоғары дәрежеде дамығандар жетістікке, байлыққа жылдам қол жеткізеді екен.

Олай болса, қай жаста болсаңыз да интуицияны дамытуға, шыңдауға уақыт бөліңіз.



ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ?

Интуиция – адамды түпсанамен байланыстыратын арна. Ал түпсана не екенін білетін шығарсыз. Бір сөзбен сипаттасақ, ол – нағыз ой қазынасы.

Барлық адам алтыншы түйсігін дамыта алады. Әрине жаттығулардың көмегімен және тер төгу арқылы...

Түсінікті болу үшін интуицияны ағзаның бір мүшесі деп алайық. Мысалы, көз бәрінде бар, бірақ біреу алыстағыны көрмесе, екінші біреу жақындағыны көрмейді. Үшінші адам көзәйнексіз ешнәрсе көрмейді. Ал көздің көруін жақсарту үшін үнемі оған арналған жаттығулар жасап, шынықтырып отыру қажет. Сол сияқты интуицияны да жаттығусыз шынықтыра алмайсыз.


1-ӘДІС: Арнайы жаттығулар. Барлық адамда оң жақ және сол ми шарлары бар. Сол жақ ми шары жақсы дамыған адам айналасындағы белгілерді түсініп, ішкі дауысын анық ести алатындар. Демек, сізге сол жақ ми шарын дамыту керек. Бұл орайда интернетте жаттығу көп. Мысалы, қайшымен қағазды сол қолмен қырқу, сол қолмен жазу жазу т.б.



2-ӘДІС:
Медитация. Көп сөйлейтін, қолы босай қалса фильм, әлеуметтік желілердегі видеоларды көретін, көлікте де, көшеде де музыка тыңдап жүретіндер интуициясын дамыта алмайды. Ал бұл түйсікті шыңдау үшін медитациялық кез келген жаттығумен күніне бір мезет айналысу қажет.

Нақтырақ айтқанда, тыныш әрі оңаша бөлмеде күніне жарты сағат уақыт мәселеңіздің шешімі туралы ойлау.

Ол үшін көзіңізді жұмып, бүкіл денеңізді босаңсытып, бар ойыңызды миыңызға немесе маңдайдағы нүктеге (екі қастың ортасында, сәл жоғары) шоғырландыруыңыз керек.

Тыныштық әрі босаңсу қалпында отырып, түпсанаңызға өзіңізді қызықтырып жүрген қажетті бір сұрақты қойыңыз. Сұрақты үш рет қайталап, жауабын күтіңіз. Әрине әлдекімнің нақты дауысын естимін деп қателеспеңіз. Жауап ағзаңыздағы белгілі бір мүшедегі қозғалыс, дыбыс (іштің «қорылдауы» т.б.), вибрация арқылы берілуі мүмкін. Оны сараптайтын, қорытынды шешім шығаратын – өзіңіз.

Бастапқыда түсініксіз болар, сондықтан сізге қазірше күнде осындай бір белгі байқалғанша медитация жасау ғана. Көп уақыт медитациямен айналысқаннан соң белгілердің «не дегенін» ұға бастайсыз.


3-ӘДІС: «Стакандағы су» техникасы. Бұл әдіс американдық психологтардың зерттеулерінен соң пайда болған.

Бос стаканға су құясыз. Суға қарап отырып, толғандырып жүрген жағдай жайында ойлайсыз. Ойлап болдыңыз ба? Енді стакандағы судың жартысын ішіңіз. Суды ішіп жатқанда іштей «Мен бұл жағдайдың дұрыс шешуін білем» немесе «Мен бұл сұрақтың жауабын білем» деп айтыңыз.

Ұйқыға жатыңыз. Таңертең ұйқыдан тұрған мезетте әлгі фразаны қайталай отырып, стакандағы қалған суды ішіңіз. Бір-екі күннен соң түпсанаңыз сізге белгілер жібере бастайды, мән беріңіз.

4-ӘДІС: Жоғалған затты іздеу. Көбіне үйдің, көліктің кілтін, телефон қуаттағышын жоғалтып аламыз. Осы сәтті интуицияны дамытуға арнаңыз.

Затты іздемес бұрын интуиция арнасына жүгініңіз. Көзіңізді бірер минутқа жұмыңыз. Тек сол зат туралы ойлаңыз. Оны сезініп, ойша ұстап көріңіз. Көзіңізді ашыңыз да 5-10 минут «жауап» күтіңіз. Қай жерде жатқанын ойша топшылаңыз. Сосын затты іздеуіңізге болады.

Әрине бастапқыда ойыңыз тура келемуі мүмкін. Бірақ интуицияны осылай іске қосып, оны жаттықтыру арқылы кейін кез келген жоғалған затыңызды таба алатын боласыз.



ЕГЕР «ҰЙЫҚТАП» ЖАТСА ШЕ?

Кімнің интуициясы мүлгіп, ұйықтап жатады? Өз пікірі, өз ойы, өзіне деген сенімдігі жоқ адамдарда!

Өзгелердің сөзіне көп еретін, өзіне ұнап тұрған затты емес, басқалар ұнатқанды алатындарда өзіне сенімділігі төмен болады. Өзіне сенімсіз адам өз бағасын көтермейінше интуициясы оянбайды екен.

Ең алдымен өзіңізге деген сенімділікті арттыруыңыз қажет. Ол үшін киім сатып аларда қасыңызға бір адамды ертпей, жалғыз өзіңіз дүкен, базар аралап, сатып алуды үйреніңіз.

Содан кейін өзіңізді бағалауды қолға алыңыз. Ол үшін өз өміріңізді, уақытыңызды, денсаулығыңызды құрметтеп үйренуіңіз керек.


Мысалы: «Осы жексенбіде моншаға барып, бір тынығайыншы, өзіме уақыт бөлейінші» деп ойладыңыз делік. Ал демалыс күні таңертең құрбыңыз немесе абысыныңыз, я болмаса жеңгеңіз «Базарға барайықшы, киім алуым керек еді» деді. Не істейсіз?

Өзін сыйлайтын адам «Уақытым жоқ, моншаға бара жатырмын» деп айтады. Бұл онымен бірге базарға барма деген сөз емес. Алдын ала құрып қойған жоспарды біреудің соншалықты маңызды емес шаруасы үшін бұзбаңыз дегеніміз. Ол жалғыз өзі-ақ базар аралай алады, болмаса қасына басқа бір адамды ертсін.

Өзіңізге, көңіліңізге, денсаулығыңызға, сымбатыңызға, өз өміріңізге уақытты неғұрлым көбірек бөлгенде ғана бағаңыз, сенімділігіңіз жоғарылайды.


Өзіне сенімділікті арттырудың тағы бір оңай әдісі: әрқашан «Өзіме сенемін», «Мен қажетті нәрсемді ала аламын» деген сияқты фразаларды қайталау.

Мысалы: жаңа жұмысқа резюме тапсырдыңыз делік. Қорытынды жауап шыққанша «Мен бұл жұмысқа тұрамын. Мен бұл қызметке лайықтымын» деп жиі қайталаңыз.



Есте ұстаңыз: Интуицияңыз сөйлемейді. Ішкі дауысты естимін деп әуреленбеңіз. Ол тек түпсана арқылы айналаңыздағы таныс және бейтаныс адамдар, жолыңызда кездескен оқиғалар мен заттар, сол мезетте оқыған тақырып (газеттегі, вацаппен келген әлдекімнің жазбасындағы, жарнама билбордындағы т.б.) арқылы белгі береді.

Кейде белгілі бір образды көз алдыңызға елестесіз, күй, иіс, жүректің өзгеше соғысы т.б. арқылы да түпсанаңыздың «айтпақ болғанын» түсінуге болады.

Қандайда бір жағдайда интуицияңыздың көмегі қажет болса, осындай белгілер мен ағзаңыздың күйіне назар аударып, мән беріңіз.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Оразада ОЙды ТАЗАЛАУдың 3 әдісі

ОСЫЛАЙ жасаған адамдар АУЫРМАЙДЫ