​ЫНЖЫҚсыз ба? Онымен күресуге болады

0
4 152

Шамадан тыс ұялшақ болсаңыз, өміріңізде кедергі көп


​ЫНЖЫҚсыз ба? Онымен күресуге болады

фото: faz.net

Ынжықтық - ол ұялшақ адамның еш іске қол сұғуға дәті бармауы. Бұл мінез бала кезден қалыптасады. Ынжық адам бала кезінде ешбір жаннан қолдау таппай, тіпті өз анасының да назарын аңсап өскен жандар болуы мүмкін.

Кейбір адамда жаратылысынан ұяңдық, жұмсақтық болғанымен, ынжықтық - бұл туа бітті мінез емес. Адам өмір сүру барысында ашыла түседі, қоғамға араласа отырып, өз орнын қалыптастыра алады. Алайда, әркім өзінің өмірін қалыпқа келтіру өз қолында. Өмір сүрудің өзі күрес, сондықтан өзіңіз қаламаған мінез-құлықтардан құтылу үшін біраз еңбектенуге тура келеді.


Шамадан тыс ұялу жақсы емес

Ынжықтықтың тағы бір баламасы – ұялшақтық. Ұялу адам баласына керек, жақсы қасиет. Бірақ шамадан тыс ұялшақ болу өміріңізге тек кедергісін келтіреді.

Ұялшақтық – адам бойындағы шамадан тыс ыңғайсыздану, тартыншақтау, жасқану секілді қылықтарының арқасында, айналасымен қарым-қатынасы нашар болады. Бұл сезім айналаңыздағы адамдармен тіл табыса алмау, ашылып сөйлеспегеннің, өз пікіріңізді айта алмауыңыздың нәтижесінде қалыпты өмір салтыңыздың бұзылуына алып келеді.

фото: mykaleidoscope.ru

Ұялшақтықтың кері әсері өте көп, бұл адамның бойындағы кейбір жақсы қасиетімен талантын ашып көрсетуге, мүмкіндіктерін пайдалануына көп кедергі келтіреді. Мұндай адамдар жаңа таныстар тауып, олармен қарым-қатынас жасаудан ләззат ала алмайды. Сонымен қоса, мұндай адамдарды көпшілік қауым өзімшіл, асқақ, тәкаппар деп санауы мүмкін.

Адам өз қабілетіне сенбеген кезде тартыну пайда болады. Ал тартыншақтық ынжықтықты тудырады. Зигмунд Фрейдтің тұжырымы бойынша: «Бәрі бала кезден бастау алады». Балаға өз жаратылысын сол күйінде сүйе білуді үйретпеуден осындай кедергі туындайды.

Жасқаншақ адамдардың қасында үнемі сыншы адам болады. Ол оның ата-анасы, досы, ұстазы яғни құлақ асатын адамы болуы мүмкін. Ол қаншалықты мінсіз болғанымен, әрқашан олар өз кезегінде оның атқарған ісінің дұрыстығына күмәнданып, сапасынан кемшілік тауып отырады. Мұндай өмірлік теріс тәжірибе қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауда сенімсіздік туғызады.


Басқаның бағалауына ТӘУЕЛДІ болмау

Сонымен, шамадан тыс ұялшақтықпен күресу қажет, ол үшін басқалардың баға беруіне тәуелді болмау керек.
Мінсіз адам болмайды, кез келген адамның бойында кемшілік бар сондықтан, басқалардың сізді сынауға қақысы жоқ. Сізге үнемі кері әсер ететін мұндай бақылаушыларды орнына қойған дұрыс көнбесе қарым-қатынасты үзген жөн.

Өзіңізге шынайы баға беріңіз

Сонда өзіңіз бен қоршаған ортаңызға деген жағымды эмоция пайда болады. Бір нәрсені жасырып қалу немесе жасқанудың қажеті жоқ екенін түсінесіз. Өзіңе сенімсіз қарау және тым ұялшақтық қасиетіңізден құтылғыңыз келсе, өзіңізді жақсы көріңіз.
Қарым - қатынас жасай білу дағдысын жетілдіру артық болмайды, ол үшін: тыңдаңыз, сұрақ қойыңыз, талқылаңыз.
Ең бастысы неге көңіл бөлу керек есіңізде ұстаңыз, ұялшақтықтан арылуды қолға алыңыз, өзіңізге сеніңіз, біраз уақыт өткеннен соң, сенімділік сіздің әдетіңізге айналады.
Басқалар сіз туралы «не ойлайды?» - деп басыңызды ауыртпаңыз, себебі олар да сізді «не ойлады екен?» - деп бас қатырып отырған болар.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


КҮЙЗЕЛІС деген не? Қалай жылдам шығуға болады?


ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІге ТӘУЕЛДІЛІКті қалай жеңеміз?