ЖІГІТ пен МАМАН таңдауда таптырмайтын тәсіл (ТЕСТ)

0
8 236

Жұмыста немесе отбасында кімнің басқарушылық қабілеті бар екенін анықтау үшін небәрі 8 ғана қаламсап қажет. Бұл әдісті бойжеткен жігіт таңдау барысында және басшы қызметке мамандарды қабылдау кезінде де тест ретінде қолдануға болады.


ЖІГІТ пен МАМАН таңдауда таптырмайтын тәсіл (ТЕСТ)

Отбасында, жұмыста, яғни ұжымда әркімнің өз рөлі, атқаратын қызметі болғанымен, аракідік олардың қабілет-қарымын тексеріп отырған жөн. Бұл аяқ астында төнген қара бұлттан қорғануға, қиындық туғанда ұтымды шешім қабылдауға және дағдарыс кезінде тұйықтан жол тауып шығуға көмектеседі.

Әсіресе, кәсіпте кіріс болмай, тек шығын болып жатса, осы бір психологиялық тест жәрдемімен қызметкерлердің орнын алмастыруға болады, - дейді психологтар.

Адамның басқару, шешім қабылдау, ұшқыр ой қабілетін анықтау үшін жүргізілетін бұл психологиялық тестке бар болғаны сегіз-ақ қаламсап керек. Оны сіз дүкен араламай-ақ әр кабинеттен таба аласыз.


Сонымен, сізге қажет қаламсаптар:

1. корпусы металдан жасалған қаламсап;

2. түрлі-түсті стерженді қаламсап;

3. мөлдір корпусты қаламсап;

4. түймелі қаламсап ;

5. қалпақсыз қаламсап;

6. гельді, қара сиялы қаламсап;

7. сиясы көк түсті, қарапайым қаламсап;

8. қара сиялы қарапайым қаламсап.


Осы 8 қаламсапты үстел үстіне немесе органайзерге салып қойыңыз. Алдыңыздағы адамға біреуін таңдап алуды ұсыныңыз. Бұны байқатпай жасауға да болады. Қайсысын таңдады?


Тест жауабын оқымай тұрып, сіз де бір қаламсапты таңдаңыз.


Корпусы металдан жасалған қаламсап

Бұл қаламсаптың иесі өзінен де, өзгелерден де темір тәртіпті қатаң талап ететін адам. «Сезімді алып тастау керек, сонда тек ақыл қалады. Сезімге ерген адасады» дегенді ұстанады. Ол «Жұмыста ағайын-туыс, дос жоқ. Достық пен қызметті араластырма» дегенді де жиі айтады. Сондықтан да проблемалық жағдайларда өзін еркін ұстай біледі. Басқару өнері оған туа біткен.


Түрлі-түсті стрежнді қаламсап

Идеясы мол, бірақ, жұмысты қалай жүргізуді білмейтін адам. Сондықтан да ол істі де, жұмысшыларды да басқара алмайды. Мұндай адамды тек идея генераторы ретінде пайдалануға болады. Ойы ұшқыр, ойлау қабілеті «басқаша» оның орны жарнамалық бөлімде. Өйткені, онда кез келген адаммен тығыз байланыс орната білетін магниттік қасиет бар.


Мөлдір корпусты қаламсап пен қақпақсыз қаламсап

Ол жауапсыз, жалқау емес, білетіні де аз деуге болмас. Бірақ та үнемі бақылауды қажет ететін адам. Өйткені, мұндай адамдарды мәселені жоюшы емес, туғызушы деуге болады. Ол асығыстыққа көп бой алдырады. Психологтардың анықтауынша, көбіне мөлдір корпусты қаламсапты отбасында бастауыш сынып оқушысы немесе қарт адам, ал жұмыс орнында тәжірибеден өтіп жүрген болашақ маман таңдайды екен.


Түймелі қаламсап



Бұл лидердің көмекшісіне тиесілі қаламсап. Нақтырақ айтқанда, орынбасар болуға әбден лайықты адам. Автоматты кнопкалы қаламсаптың иесі кез келген мәселеге аналитикалық зерттеу жүргізуге шебер. Жағдайдың жан-жағына ойша шығып қарай алады. Бастамаларды іздестіру мен белгілі бір жағдайда шешім қабылдауда ол негізгі факторларға көңіл аудара біледі.


Гельді, қара сиялы қаламсап

Мүмкін ол сырт көзге өз қара басын әрең алып жүрген боп көрінуі мүмкін, алайда шын мәнісінде егер қиын жағдай туса, ол отбасының (ұжымның) барлық жауапкершілігін өз иығына арта алатын адам. Ол әркімнің мүмкіндігін толық ұғына және бағалай да біледі.

Шын қаласа, жаңа бағытта, тәуекелге бел буа отырып, стандартсыз шешімдер қабылдай алады. Оған тек айналасындағы адамдардың сенімі жеткіліксіз.


Сиясы көк түсті, қарапайым қаламсап

Бұл қаламсаптың иесі жетекші қызметтерді жақсы атқарады. Оның білім деңгейі жоғары болғанымен, басқару дағдысы қалыптаспаған. Мүмкін ол жоғары оқу орнын қызыл дипломға бітірген болар, мамандығы бойынша қатысқан тренингтері де көп шығар, алайда оның тәуекелдік әрекеті әлсіз. Сондықтан оған басшылық қызметтерден гөрі орындаушы қызметі лайықты.


Қара сиялы қарапайым қаламсап

Ол жеке басының бағалы қасиеттерін үнемі жетілдіріп жүреді. Мұнысын сыртқа байқата бермейді. Дегенмен, ол сеніп тапсырылған істі жауаптылықпен атқарады. Сондай-ақ, оның қызметкерлермен байланыс орнату қабілеті де жоғары. Оны белгілі бір жоспар бойынша бағыттап отырса немесе дайын жоспар берсе, сол бойынша табысты жұмыс ақтара алады.

Суреттер ашық дереккөздерден алынды

Ж. СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


«Бос орындық» терапиясымен өміріңізді РЕТТЕЙ АЛАСЫЗ


Адамды ҚОЛЫНА ҚАРАП ТАНУға болады (тест)


Осы ЕКІ нәрсені білсеңіз, 2019 жылы МАҚСАТыңызға ЖЕТЕСІЗ!