Жүкті бола алмай жүргендер жасап көрсін!
фото: коллаж
Баланы «біреуге алғашқы төсектен, біреуге есеппен береді» деген сөз бар. Медицина мамандары бұл тұрғыда бір жыл күту керек дейді. Ал сіздің жүкті бола алмай жүргеніңізге қанша жыл болды?
Дәрігерлердің айтуынша, тұрмысқа шыққанан соң бір жыл ішінде әйел ағзасы бала көтеруге дайындалады екен. Егер бір жылдан соң да нәтиже болмай жатса, онда тексеріліп, ем қабылдауды бастау қажет.
Психологтар болса, барлық мәселе мида екенін айтып, ойдағы блоктарды жоюды алға тартады. Яғни, саналы түрде жүкті болуға дайын екеніңізді түпсанаға жеткізу керек. Бұл тұрғыда мынандай медитациялық жаттығулардың көмегі зор.
Дайындық
Медитациялық жаттығуды көңілді әрі асықпай орындау керек. Нәтиже үшін жағымды эмоция өте маңызды. Сондықтан күйкі тірлікті бір сәт ұмыта тұрып, көңіл күйіңізді жақсартып алыңыз. Ол үшін ютубтан 5-10 минут КВН көріңіз немесе сүйікті шоколадыңызбен кофе ішіп алыңыз т.б.
Көңі күй жақсарды ма? Терең, бірқалыпты тыныс алып, іштей «Мен бақыттымын», «Мен өмірді сүйем» деп 4-5 рет қайталаңыз. Бұл жағымсыз ойларды қууға жәрдемдеседі. Тәніңіз де, жаныңыз да тынышталған соң жаттығуды бастаңыз.
№1 жаттығу
1. Өзіңізге ыңғайлы қалыпта отырып, көзіңізді жұмыңыз.
2. Бала кезіңізде сабынды суды үрлегенде мөлдір шарлар пайда болғанын тамашалап, оны ауада ұшырып ойнаған шығарсыз. Қазір сізге дәл сондай, бірақ үлкен әрі сары қызғылт түсті (оранжевый) шарды елестету керек. Сол шарға сырттан қараңыз, ішінде екіқабат боп тұрған өзіңізді көріңіз. «Мен жүктімін» деп айтып, сары қызғылт шарды, ішіндегі екіқабат өзіңізбен бірге аспанға ұшырып жіберіңіз.
3. Сіз осылай қалау-тілегіңізді ғарышқа хабарлайсыз, түпсанаңызды сендіресіз. Түпсанаңыз сіздің жүктілікке саналы түрде дайын екеніңізді «білгеннен» соң, ағзаңыздағы кедергі-блоктарды жояға кіріседі.
4. Көзіңізді ашпастан ары қарай медитацияны жалғыстырыңыз. Енді қызыл түсті екі үлкен мөлдір шарды ойлаңыз. Біреуінде қазіргі қалпыңызда, ал екінші қызыл түсті шардың ішінде жүкті боп тұрсыз. Екі шарды ойша біріктіріңіз. Шарлар біріккенде сіз екіқабат өзіңізбен бірігіп бір адамға айналдыңыз. «Мен жүктімін» деп айтып, қызыл шарды ішіндегі жүкті өзіңізбен бірге аспанға ұшырыңыз.
5. Дәл осылай сары түсті екі үлкен шармен медитация жасап, аспанға ұшырыңыз. Одан соң көк, жасыл және күлгін (фиолетовый) түсті шарларға кезек-кезек екіқабат өзіңізді салып, аспанға ұшыруыңыз керек.
6. Әдемі көңіл күймен медитациялық жаттығуды аяқтаңыз.
2-жаттығу
1) Оңаша бөлмеде отырып, көзіңізді жұмыңыз. Бүкіл денеңізді босаңсытыңыз. Ол үшін табаныңыздан жылы бір сәуле кіргенін елестетіп, оны асықпай жоғары көтеріп, барлық денеңізбен жүргізіп басыңыздың жоғары жағынан сыртқа шығарып жіберіңіз. Бұл денені, ойды босаңсытуға көмектеседі.
2) Түрлі түсті кемпірқосақты ойлаңыз. Кемпірқосақтан жарық сәуле сізге қарай келе жатқанын елестетіңіз. Оны кіндігіңіздің тұсынан ішке енгізіңіз. Жатырыңызға барып, жан-жағына нұрын шашқан шарға айналды. Кіндігіңіздің төменгі жағында жылулықты сезініңіз. Нұрлы шар сағат тілі бойынша айналып жатыр. Ол айналып жағымсыз, қара түсті қуатты өз бойына сіңіріп жинап жатыр деп ойлаңыз. Айналып-айналып төмен қарай жылжып, табаныңыздан сыртқа шығып кеткенін елестетіңіз. Бойына қара қуатты сіңірген шардың жерге еніп жоғалғанын ойша көріңіз.
3) Медитацияның осы тұсына келген соң көзіңізді ашып, қағазға жүктілікке бөгет боп жүр деп ойлаған блоктарды жазыңыз. Мысалы, қорқыныш, аурулар, мәселелер т.б. Қағазды өртеңіз.
4) Көзіңізді қайтадан жұмыңыз. Алдыңызда тағы да әдемі кемпірқосақ пайда болды. Одан бөлінген нұр кіндігіңізден кіріп, жатырға барып жылытып жатыр. Әйелдік қуатыңызды артқанын ойлап, жағымды күйге бөленіңіз. Сосын екіқабат қалпыңызды елестетіп, көзіңізді ашыңыз. Жаттығу аяқталды.
Өзіңізге ұнаған жаттығудың бірін күніне бір рет орындауға болады. Жалпы медитациялық жаттығуды орындауға 20 минут арнаған дұрыс.
Медитациялық жаттығулардың зияны, кері әсері жоқ. Сондықтан орындап көру артық етпейді.
Дереккөз: babyblog.ru
Ж. Нұрабайқызы,
Тағы да оқыңыз:
Ішетін әкенің балалары қандай болады?
Ажырасқан ата-аналар НЕНІ білуі керек?