Әлемдегі ең ҚОРҚЫНЫШТЫ әрі ТӘБЕТ ҚАШЫРАТЫН тағамдар – 2

0
1 520


Әлемдегі ең ҚОРҚЫНЫШТЫ әрі ТӘБЕТ ҚАШЫРАТЫН тағамдар – 2

Әлемнің әртүрлі елдерінде ерекше және кейде «қорқынышты» деп саналатын тағамдар бар. Бұл тағамдардың дәмі сыртқы түріне қарап көптеген адамдар үшін таңқаларлық немесе тіпті «тәтті емес» болып көрінуі мүмкін. Алайда олар көбінесе мәдени ерекшеліктерге және дәстүрлерге негізделгендіктен, татып көруге шешім қабылдағандар үшін ерекше тәжірибе болуы мүмкін.


1. Куй, Перу, Эквадор, Колумбия

Шын мәнінде, куй – бұл Гвинея шошқасы. Одан дайындалатын аттас ас Перу, Эквадор және Колумбияның дәстүрлі тағамдарының бірі болып табылады. Куй етін көбінесе тұздап, ащы немесе дәмді соустармен маринадтап, көмірде немесе табада қуырып пісіреді. Кейде оны алдын ала буға пісіріп, содан кейін қуырып немесе грильде дайындалуы мүмкін. Кейде куй етін көкөністермен, картоппен немесе түйіршіктелген жүгерімен бірге беруге болады. Бүгінгі күні куй әсіресе ауылдық жерлерде кеңінен дайындалып, көптеген жергілікті фестивальдар мен тойларда маңызды орын алады.

Куй тағамы дәстүрлі түрде тек қана ет тағамдарын жақсы көретіндер үшін емес, сондай-ақ өз мәдениетіне қызығатын саяхатшылар үшін ерекше тәжірибе болып табылады.


2. Саннакчи, Оңтүстік Корея

Бүгінде аспаздар шикі балық немесе шала піскен етпен ешкімді таң қалдыра алмайды. Ал табақтан қашуға тырысатын тағамды кім жеп көрді? Тек қана Оңтүстік Кореяда болғандар. Бұл елде күнжіт майымен хош иістендірілген сегізаяқтан жасалған тағам – саннакчиді жеңіл тағам ретінде ұсынады. Сегізаяқтың жаңадан кесілген шатырлары әлі де жаны бар болғандықтан дірілдеп, қозғалып тұрады. Сақ болмаса, табақтан секіріп түсіп, қашып кететіндей. Сыртқы түрі жүрек ұшырарлық болғанымен, тек жергілікті тұрғындар ғана емес, туристер де «өте дәмді» деп бағалайды екен.


3. Эскамолес, Мексика

Эскамолес – Мексиканың дәстүрлі тағамдарының бірі. Бұл тағам құмырсқаның дернәсілдерінен дайындалады. Эскамолес Мексикада ежелгі дәуірден бері дайындалып келеді, тіпті ацтек мәдениетінде де оларды жоғары бағалаған. Ацтектер оны «құмырсқаның ас қорыту органы» деп атаған, қазіргі таңда ол көпшілікке деликатес ретінде ұсынылады.

Эскамолес көбінесе тоска (мексикалық тортилья) немесе басқа да мексикалық нан өнімдерімен бірге беріледі. Сонымен қатар, ол сальсалармен немесе қышқыл дәмдеуіштермен үйлестіріліп, арнайы ас мәзірінде ұсынылады.


4. Теппа, Аляска

Аляска эскимосының дәстүрлі тағамы. Тепаның екінші атауы – «сасық бастар». Лосось тұқымдас балықтардың бастары тұздалып, ағаш бөшкеге (кейде ішектерімен бірге) салынып, кем дегенде бір апта, көбінесе бірнеше айға жерге көміледі. Арада айлар өткен соң сасық иіске ие болған бастарды шикі түрде жейді. Одан ешкім жиіркенбейді, өйткені бұлай жеу – балық құрамындағы пайдалы заттарын жоймай-ақ тұтынудың әдісі болып саналады.


5. Сүт пен қан, Африка

Африкадағы масаи тайпасының дәстүрлі тағамы. Малдың қаны олардың тамақтану рационында сүт пен етпен қатар әдеттегі өнім болды. Ол адамдардың шектеулі азық-түлік тұтыну жағдайында қажетті белоктарды және тұзды қамтамасыз ететін табиғи көз болды.

Бүгінде масаи қауымы сүтпен араласқан қан мен малдың қанының барлығын ерекше жағдайлардағы рәсімдер кезінде ішеді. Малдың қанын немесе сүтпен араластырылған қанды ауру адамдарға, босанған әйелдерге және сақина кесу рәсімінен өткен жасөспірімдерге береді. Сондай-ақ, қанды қарт ер адамдарға ішкі токсикозды жеңуге көмектесу үшін қолданады. Қанның сүтпен араласуы оны қоректілігін арттырады дейді. Мұндай сусынды балғын күйде де, ашыған түрде де ішеді. Оған кейде жүгері ұнын да қосады.


6. Қан құймақтары, Швеция, Финляндия

Жалпы, кәдімгі құймақ, тек сүттің орнына жаңа ағызылған қан қосылады. Кейде қуырылған шошқа етімен немесе бұғы етімен бірге беріледі. Шын мәнінде, бұл тағам мәні мен дәмі жағынан қанды шұжыққа немесе еуропалық қара пудингке өте жақын. Швецияның дәстүрлі тағамдарының бірі. Ұзақ уақыт бойы швед халқының күнделікті тағамдарының бірі болған. Бұл тағам ауылдық жерлерде әлі де дайындалады, себебі ол қоректік, тұзды және қуат беретін ас.


7. Мопане құрттары, Африка

Үлкен жасыл және көк шынжыр табанды, тауыс көзді көбелектер Африка тұрғындары үшін құнды және ең бастысы – тегін ақуыз көзі болып табылады. Шынжыр табан құрттары Оңтүстік Африкада арнайы фермаларда өсіріледі. Ағаштардан жинап алған соң, жемес бұрын қайнатылады және күн астында кептіріледі.


8. Жарқанат сорпасы, Индонезия, Палау

Жақанат сорпасы – Индонезияның дәстүрлі тағамдарының бірі. Көбінесе үйлену тойлары немесе басқа да мерекелерде дайындалады. Бұл тағам түрлі тойлар мен арнайы шараларда адамдарды біріктіретін тағам болып табылады. Оның дәмі мен хош иісі индонезиялықтардың мәдениеті мен ас мәзірінің ажырамас бөлігіне айналған.

Сорпаға жақанат етінен басқа, көкөністер, дәмдеуіштер және тұздықтар қосылады. Оған көбінесе зімбір, сарымсақ, лимон жапырақтары, кокос сүт және басқа да жергілікті дәмдеуіштер пайдаланылады.

Сорпа жұмсақ, әрі қанық дәмге ие, сонымен бірге кокос сүтінің арқасында сәл тәтті әрі жеңіл кремді болады. Бұл сорпа ыстық күйде, әсіресе суық ауа райында өте жақсы үйлеседі.

Дайындаған: Б. ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Әлемдегі ең ҚОРҚЫНЫШТЫ әрі ТӘБЕТ ҚАШЫРАРЛЫҚ тағамдар – 1