Бізден бұрын Жер бетінде кімдер өмір сүрген? Ғалымдарды таңқалдырған жәдігерлер - ФОТО

0
4 479

Қазіргі таңда ғалымдар зерттеп жатқан көне жәдігерлерге қарасақ, біз жер бетіндегі алғашқы адамзаттың ұрпағы емес сияқтымыз. Осыдан келіп, «өте ежелгі заманда кімдер өмір сүрді?», «олар не істей алды?» деген сұрақтар туындайды.


Бізден бұрын Жер бетінде кімдер өмір сүрген?  Ғалымдарды таңқалдырған жәдігерлер - ФОТО

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Сондықтан бүгінгі мақалада мыңдаған, миллиондаған, тіпті миллиардтаған жыл бұрын жасалған ғажайып жәдігерлер жайындағы деректерді ұсынып отырмыз. Таңдай қақтыратын заттарды кімдер, қандай адамдар жасағаны әзірге ғалымдар үшін де белгісіз.


Эквадордан табылған мүсін

Ғарышкерлерге ұқсайтын бұл жәдігерлер Эквадордан табылған және олардың жасы 2000 жылдан асқан.


Непалдан табылған тас ыдыс


Мына Непалдан табылған Лолладоффт табақшасы «тасты тағам» деп аталады, оның жасы 12 мың жылдан асады. Ал, тас табақтың бетіне түсірілген суреттер мен сызықтарға қарап, көптеген зерттеушілер оны Жерден тыс жақта жасалған деп тұжырымдайды. Өйткені, 12 мың жыл бұрынғы ежелгі адамдар тасты осылай өңдейді дегенге сену қиын.


Трилобит іздері

Біздің ғаламшардан археологтар трилобит деп аталатын тіршілік иесінің ізін тапқан. Ол 600-260 млн. жыл бұрын болған және жойылып кеткен.


ИКИ тастар


Перу мемлекеттік университетінің мұражайында адам мүсіні салынған тас сақтаулы тұр. Зерттеу бойынша, ол 30 мың жыл бұрын жасалған. Ал, бұл фигураға қарасақ: үстінде киімі, басында қалпағы және аяқ киімі бар адам телескоп ұстап, аспан денесін бақылап отырады. Иә, дәл солай. Сонда, 30 мың жыл бұрынғы адамдар астрономиялық білімге жетіп қойған ба? Бірақ, біз білетін Галилей тек 300 жыл бұрын ғана телескоп ойлап тапқан емес пе? 30 мың жыл бұрын мұндай құрал ойлап тапқан кім?


Нефрит дискілері – археологтарға арналған басқатырғыштар

Шамамен б.д.д. 5000 жылы Ежелгі Қытайда нефриттен жасалған үлкен тас дискілер жергілікті ақсүйектердің бейітіне қойылған. Олардың мақсаты, сондай-ақ дайындау тәсілі ғалымдар үшін әлі күнге дейін құпия болып отыр, ал нефрит – өте берік тас.


Сабу дөңгелегі – Мысыр өркениетінің беймәлім жәдігері

Белгісіз механизмнің бір бөлігі болған мистикалық ежелгі жәдігерді египеттолог Уолтер Брайан 1936 жылы б.д.д. шамамен 3100-3000 жылдары өмір сүрген Мастаб Сабудың қабірін тексеру кезінде тапты. Қабір Саккара кентінің маңында орналасқан.

Дөңгелекке ұқсайтын артефакт – бета-алевриттен (Батыс терминологиясындағы металл) жасалған. Ол бес мың жыл бұрынғы Сабаның арбасындағы дискі болуы мүмкін. Алайда, қазіргі уақытта ғалымдар оның мақсаты мен күрделі құрылымын нақты анықтай алмай жатыр.


600 млн. жастағы ыдыс (ваза)

Биіктігі 12 см-ге жуық жұмбақ ыдыс таудағы жарылыс кезінде карьерлердің бірінен табылған. Гүлдердің суреті бейнелері ваза 600 млн.жастағы тау жынысының ішінде сақталған.


Гофрленген шарлар

Соңғы онжылдықта Оңтүстік Африкадағы кеншілер жұмбақ металл шарларды қазып алған. Қайдан шыққаны белгісіз бұл шарлардың диаметрі шамамен 2,54 см., ал кейбіреулерінде шардың осі бойынша өтетін үш параллель сызық бар. Сондай-ақ, шарлардың екі түрі табылды: біреуі ақ дақтары бар қатты, көгілдір түсті металдан жасалған, ал басқалары іші қуыс, ақ кеуекті затпен толтырылған. Бір қызығы, олар Сембрийге дейінгі кезеңге жатады (2,8 миллиард жыл бұрын). Бұл затты кім және не үшін жасады – құпия болып қала береді.


Алып адам - гигант

Бойы 370 см. алып адам 1895 жылы Антрим атты ағылшын қаласында тау-кен жұмыстары кезінде табылған. Кеудесі – 2 м., қолдың ұзындығы –1,4 м. Сондай-ақ, оң қолында 6 саусағы бар.


Алып адамның сан сүйегі

1950-ші жылдардың соңында Евфрат алқабындағы Түркияның оңтүстік-шығысындағы жол құрылысы барысында үлкен көлемдегі бірқатар жерлеу орындары қазылады. Жұмыс барысында екі жерден ұзындығы 120 сантиметр болатын сан сүйектері табылған. Ғалымдардың айтуынша, осындай өлшемдегі сан сүйегінің бар адамның бойы шамамен 5 метрге жуықтайды екен.


Адам аяғының үлкен ізі

Бұл іздер Глен-Роуз, Техас маңындағы Пелакси өзенінен табылған. Әйел ізінің ұзындығы 35,5 см, ал ені 18 см. Зерттеу мұндай із қалдырған адамның бойы 3 метрге жуық екенін көрсеткен.


Невадалық гигант

Невада штатында тұрған 3,6 метр бойлы, қызыл шашты алып адамдар туралы үнді аңызы бар. Онда үңгірдегі алыптарды өлтіретін америкалық үндістер туралы айтылады. Ал, Гуано алқабын қазу кезінде осындай алып адамның үлкен жақ сүйегі табылған. Суретте екі жақ салыстырылады: табылған және қалыпты адам.


Пири Рейстің картасы

1929 жылы Түрік мұражайынан табылған бұл карта өзінің керемет дәлдігіне байланысты ғана емес, сонымен қатар оның бейнесі үшін де құпия болып табылады.

Газели жануарының терісіне салынған Пири Рейстің картасы – үлкен картаның жалғыз ғана сақталған бөлігі. 1500 жылдары жасалған картада : Африкаға қатысты Оңтүстік Америка, Солтүстік Африка мен Еуропаның батыс жағалауы және Бразилияның шығыс жағалауы бейнеленген. Ең таң қаларлығы – 1500 жылғы картада 1820 жылы ашылған Антарктида бейнеленген.


Ежелгі серіппелер мен бұрандалар

Бұлар кез келген шеберханадағы жарамсыз бөлшектер жәшігінен табуға болатын заттарға қатты ұқсас. Әлбетте, бұл құралдарды біреу жасаған. Алайда, серіппелердің, ілмектердің, спиральдердің және басқа да металл заттардың бұл жиынтығы жүз мың жыл бұрынғы шөгінді жыныстардың қабаттарынан табылған! Ал ол кезде темір құю цехтары жоқ еді.


Ежелгі глобус

Көне жәдігерлердің ірі көмбесін 1984 жылы Элиас Сотомайор басқарған экспедиция тапты. Оның дәлелі Ла Мана эквадорлық тау алқабындағы туннельден (90 метрден астам тереңдіктен) табылған тастан жасалған 300 бұйым.

Соның ішіндегі ең ерекшесі – суретте көрсетілген жер бетіндегі ең көне глобустардың бірі.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ШЫМКЕНТ: Демалыста балаларды қайда қыдыртуға болады?


Үшінші мегаполистегі «5 жұлдызды» саябақтар