Қазақстанда жаңа жыл басталды! Басқа елдер қашан қарсы алады?

0
3 677

Мұндай айырмашылықтың себебі көп.


Қазақстанда жаңа жыл басталды! Басқа елдер қашан қарсы алады?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әр ұлттың, әр елдің өз тарихы және өздеріне тән маңызды мерекелері бар. Сондықтан мәні мен мазмұны жақын атаулы мерекелер әр елде әртүрлі уақытта аталып өтіледі. Ал, біздің бүгінгі тақырыбымыз жыл басы деп саналатын мейрамға қатысты болмақ.


14 наурыз - Қазақстандағы көрісу мейрамы

Дәл бүгін қазақ халқы көрісу күнін тойлап, ел-жұрт қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысуда. Бұл күні көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Сондай-ақ, қазақ халқы бұл мерекені жаңа жылдың бастауы деп есептейді.


Қытай жаңа жылды ақпан айында қарсы алады

Қытайдың жаңа жылы – көктемде тойланады. Оның басталуы айдың толуымен анықталады. Жыл сайын 12 жануардың бірі жыл басы болып саналады. Сондай-ақ, бұл мерекеде олардың киімдері, үйлері мен көшелердің әшекейлеріне дейін қызыл түске боялады және мерекені шулы көңіл-күймен атап өтеді. Үйлерін тазартып, ескі-құсқының көзін жояды. Сондай-ақ, адамдар тіпті басқа қалада жұмыс істейтін немесе оқитын болса да туған үйлеріне келеді.



Жапонияда жаңа жылдың келуі бір айға жуық тойланады

Ал, Жапонияда жаңа жыл Григориан күнтізбесі бойынша аталып өтіледі. Мереке 25 желтоқсанда басталып, бір айға жуық уақытқа созылады. Сол уақыт ішінде жапондықтар үйді бамбук, өрік бұтақтары және шыршамен безендіреді. Тиісінше, ол әрекеттері байлық пен махаббатты білдіреді екен.

Сонымен қатар, Жаңа жыл қарсаңында жапондар міндетті түрде ғибадатханаларға барып, құдайлардан бақыт пен денсаулық сұрайды.



Таиланд жаңа жылды 13 сәуірде атап өтеді

Тайландтың жаңа жылы Сонгкран деп аталатын ежелгі үнді астрологиялық күнтізбесі бойынша тойланады. Жылдың жаңаратын кезі жаңбырлы маусымның басталуымен белгіленеді екен. Бұл мейрамда Тай халқы будда мүсіндерін раушан және жасмин жапырақтары қосылған сумен жуады. Сондай-ақ, адамдар су ататын тапаншалармен, ыдыс немесе «шлангамен» өтіп бара жатқан адамдарға су шашады. Бұл бір жыл ішінде жиналған жамандықты жою үшін жасалатын ырым көрінеді.



Бирмалықтар жаңа жылды сәуірде - Үкімет белгілейтін күндерде тойлайды

Шамамен 12-17 сәуір күндері аралығында Бирмада (Мьянма) жаңа жыл басталады. Мереке бұл елде Тинджан деп аталады. Бирмалықтар бұл күндерді шулы көңіл күймен өткізсек, жаңбыр құдайларының назарын аудара аламыз деп сенеді.



Үндістанда жаңа жыл жылына бірнеше рет атап өтіледі

Үндістандықтар жаңа жылды әлемнің басқа елдеріне қарағанда жиі қарсы алады. Өйткені, ондағы көптеген шат тұрғындарының өздеріне тән дәстүрлі күнтізбелері бар.

Ал, бұл елдегі ең жарқын мерекелердің бірі – Бенгал жаңа жылы, яғни Холи мерекесі. Көктемнің басында аталып өтілетін бұл мейрамда түрлі фестивальдер ұйымдастырылады.



Эфиопия жаңа жылды 11 қыркүйекте қарсы алады

11 қыркүйекте жаңбырлы маусым аяқталған кезде Эфиопияда жаңа жыл тойланды. Эфиопиялықтар бұл күні шыршадан да биік от жағып, алаудың басы қай бағытқа бұрылатынын бақылайдыжәне жаңа жылда сол бағытта мол өнім болады деп сенеді. Сондай-ақ, мереке кезінде олар дәстүрлі киім киіп, шіркеуге, қонаққа барады. Қыздар ән айтып, ұлдар сурет салады.



Сауд Арабиясында жаңа жылдың нақты күні жоқ

Хижра күнтізбесі бойынша ислам елдерінде жаңа жыл мухаррам айының бірінші күні келеді. Ал, бұл күн жыл сайын 11 күнге жылжитындықтан, жаңа жыл деп белгіленген күн болмайды.


Израильге жаңа жыл күзде келеді

Еврейлердің жаңа жылы қыркүйек немесе қазан айларында келеді. Бұл мерекеде израильдіктер бір-біріне деген тілегін кітапқа жазды әдетке айналдырған.


Шотландияда 31 қазаннан 1 қарашаға қараған түн жаңа жылдың басы болып саналады

Самайн – Шотландиядағы жиын-терімнің аяқталуы мен жаңа жылдың басталуына арналған ежелгі мереке. Бұл мерекенің міндетті атрибуты – от. Адамдар алаудың арасында мал айдап, оттан секіреді. Бұл ежелгі барлық жамандықты отпен тазарту рәсімі.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Эко-туризм ЕҢ МАҢЫЗДЫ мәселеге айналды! НЕГЕ?


УКРАИНАНЫҢ ЖЕТІ ЖАУҺАРЫ: Туристер бұл орындарға бір БАРМАЙ КЕТПЕЙДІ!