Қазақстандықтар ҚАЙДА саяхаттағанды ұнатады?

0
4 845

Қазақстандықтар арасында танымал туристік бағыттармен таныса отырыңыз.


Қазақстандықтар ҚАЙДА саяхаттағанды ұнатады?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзін жалмаған пандемия әлемдік туризм саласына ауыр соққы болып тиді. Мәселен, пандемияның алдында 400 мыңға жуық қазақстандық шетелдік демалыс орындарына барған болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 86 пайызға төмендеп, 50-60 мың туристке дейін азайған. Дегенмен, 2021 жылдан бастап шет елдердің шекарасы ашылып, әр елдегі саяхатшылар саны арта бастады. Осы орайда біз «қазақстандықтар қайда саяхаттағанды ұнатады?» деген сұраққа жауап іздеп көрдік.


Ең танымал бағыттар

Туристік агенттіктермен жұмыс жөніндегі мемлекеттік мекеменің дерегіне сүйенсек, өткен жылы қазақстандықтар үшін ең танымал демалыс бағыттары Египет, БАӘ, Мальдив аралдары, Шри-Ланка және Түркия болған. Мәселен, 2021 жылдың алғашқы айларының өзінде Мысырға 20 мыңнан астам азамат саяхаттаса, Біріккен Араб Әмірліктеріне 13 турист аттаныпты. Ал, Малтдив аралдарына 7 мыңға жуық, Шри-Ланкаға екі мың және Түркияға мыңнан астам азамат жол тартқан (Дегенмен, бұл көрсеткіштердің жыл мезігілне қарай өзгеретінін де ескеру қажет). Сонымен қатар, ашық ғаламторда жүргізілген сауалнамаларға мән берсек, бұл тізімге Грузияны да қосуға болатынын аңғарамыз.


Осы тұста «бұл елдерге неге көп адам барғысы келеді?» деген сұрақ туындайды.


Бағыттардың бағасы мен ерекшеліктері


Мысыр. Бұл бағыттың басты ерекшелігі – Қызыл теңіздің керемет сұлулығы. Мөлдір таза су, маржан рифтері мен теңіз тұрғындарының мәдениеті кез келген туристі баурап алады. Сонымен қатар, Египет демалыс орындарымен ғана емес, бүгінгі күнге дейін сақталған әлемнің бір кереметі – Мысыр пирамидаларымен де ерекшеленеді.

Одан бөлек, Египетте әрдайым акциялар өтіп тұрады. Мысалы, кей кезеңдерде қонақүйлер балаларға тегін тұруға мүмкіндік береді. Яғни ата–аналар балаларының саяхаты үшін тек әуе рейсіне ғана ақша төлейді.


Біріккен Араб Әмірліктері. БАӘ адамдарды қолжетімді және мінсіз қонақ үйлері, әлемдегі ең биік ғимаратта орналасқан бассейн немесе аквапарк, дельфинарий сынды нысандарымен тартады. Сонымен бірге, белгілі бір кезеңдерде БАӘ-ге ұшу рейсінің бағасы да күрт төмендеп, туристердің көбеюіне ықпал етеді.


Түркия көптеген жылдар бойы жазғы демалыс бағыттарының арасында көшбасшы болып келеді. Таза ауадағы демалыс, шомылу, альпинизм, сафари, теннис, гольф, су шаңғысы және яхта – мұның барлығын сіз Түркиядағы демалыстан таба аласыз. Тіпті, дүниежүзілік covid-19 эпидемиясының өзі бұл елдегі демалысқа зардабын тигізе алмады.


Мальдив аралдары – ақ құмды жағажайда демалып, әдемі маржан рифтерін, кит пен дельфиндерді көруге мүмкіндік береді. Ал, судың температурасы жыл бойы +25-28 С деңгейінде сақталады.


Ал, Грузия – шарап пен таза ауаның, жайлы қонақүйлер мен алып таулардың, сүйкімді, гүлденген қала мен жағажай курорттарының отаны. Сонымен қатар, бұл елге барып демалу қазақстандықтар үшін едәуір арзанға түседі.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Әлемдегі ЕҢ ҒАЖАЙЫП саябақтар


Жанартауды көргісі келетіндер ОСЫ ЕЛДЕРГЕ баруы керек!