Туристер НЕ ҮШІН Дубайға саяхаттағысы келеді?

0
7 269

Оның өзіндік себептері бар.


Туристер НЕ ҮШІН Дубайға саяхаттағысы келеді?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөздер

Шөл даладағы шағын елді мекеннің орнына ондаған жылдар бойы салынған Дубай бүгінде әр адам саяхаттауды армандайтын әлемдегі ең сәнді, заманауи және қымбат қала. Сіз арыстан мен гепардты, алтын жалатылған көліктерді, жалт-жұлт еткен, биіктігі жүздеген метр болатын ғимараттарды әлі күнге көрген жоқсыз ба? Онда Дубайға баруыңыз керек! Ал, біз сіздерге Дубайға барудың он себебін ұсынамыз.


1. Сауда орталықтары

Әлемдегі ең атақты брендтер орын тепкен сауда қалаларының бірі — Дубай екенін бәрі біледі. Онда көптеген сауда және ойын-сауық орталықтары, дүкендер мен базарлар орналасқан. Іздеген заттың бәрі сатылады. Мұнда сіз эксклюзивті зергерлік бұйымдар мен сәнді дизайнерлік киімдерден бастап тұрмыстық заттар мен балалар заттарына дейінгінің бәрін сатып ала аласыз. Әсіресе мұсылман халқына тән ерекше заттарға толы.


2. Алтын нарығы

Көптеген туристер Дубайдағы алтын нарығын жақсы көреді. Өйткені, мұндағы сапалы зергерлік бұйымдардың бағасы төмен және тиімді сауда жасауға мүмкіндік мол. Әмірлік тұрғындары алтынды өте жақсы көреді, сондықтан арнайы алтын базарлар ғана емес, сонымен қатар зергерлік бұйымдардың барлық түрлеріне арналған жеке сауда орталықтары да бар. Олардың ішіндегі ең танымалы — Дубайдағы Gold & Diamond Park. Ондағы 100-ге жуыө зергерлік дүкеннен дайын зергерлік бұйымдарды ғана емес, сонымен қатар алтын құймаларды да, сондай-ақ қалыпқа салынбаған асыл тастарды да сатып ала аласыз.


3. Burj Al Arab


Burj Al Arab – Арабтың желкенді кемесіне ұқсас ғимарат. Жағалау мен теңіздің ұштасқан жерінде орналасқан нысан он жылға жуық уақыт бойы Дубайдың символы болған. Ол әлемді таңдандыру үшін соғылған және бүкіл әлемді шынымен де таңқалдырды. Сәулет өнеріндегі жаңашыл шешімдер, керемет сән-салтанат және Бурдж-Эль-Араб қонақүйі мен мейрамханаларындағы қызмет көрсетудің жоғары деңгейі көк тіреген ғимаратты көптеген жылдар бойы туристік орталыққа айналдырып келеді. Ғимараттың биіктігі-321 метр. Бұл қонақ үй кешенінің ең сәнді люксінде бір түн қонудың құны 20 000 долларды құрайды.


4. Palm Jumeirah

Джумейра пальмасы — жарты ай секілді созылған, пальма ағашы түрінде жасалған жасанды арал Дубайдың тағы бір көрікті жері. Жасанды аралда сәнді қонақ үйлер мен демалушыларға арналған курорттық аймақтар бар. Әрине, мұнда демалудың құны қымбат, бірақ ұмытылмас әсер сыйлайтыны анық.


5. Дубай шөліндегі Сафари

Дубай шөліндегі сафариге жол талғамайтын көліктермен серуендеу жарқын сәттерге және адреналинге толы болады. Экзотикалық экскурсия барысында биік төбелер мен бархандарды бағындыру, шөл далада кәсіби жүргізушілер ұйымдастыратын жарыстардан ерекше ләззат аласыз. Сондай-ақ, араб кешкі асынан дәм татып, түйеге мініп, Шығыс бишілерінің өнерін көруге мүмкіндік туады.


6. Гольф

Дубайдағы гольф – бұл өте қымбат ойын-сауық бағдарламасы, сондықтан туристердің барлығы бірдей қатыса бермейді. Бірақ, шамасы жеткендерге бірнеше ерекше кәсіби гольф клубтары қызмет көрсетеді.


7. Жағажай демалысы

Араб Әмірліктеріндегі өте ыстық климат әсіресе жағажай демалысына қолайлы. Сол себепті Дубайда әлемдегі ең атақты жағажайлар, ең қолайлы жағажайлар қарастырылған. Әсіресе Palm Jumeirah аралындағы жаңажайлар ғажап демалыс сыйлайды. Бірақ оларға осы қонақ үйдің қонақтары ғана кіре алады. Егер сіз Дубайдың басқа қонақ үйінде болсаңыз, Kite Beach немесе Jumeirah Beach Park демалыс аймақтарындағы жағажайларда тыныға аласыз.


8. Дубай мейрамханаларындағы шампан

Ислам елдері әдетте алкогольді ішуге рұқсат бермейді, бірақ Дубай сияқты түрлі елден туристер ағылып келетін танымал, сәнді аймақ кейбір ережелерге бағына қоймайды. Дегенмен, мұнда алкогольді ішімдіктерге тек қонақ үйлердегі мейрамханаларда рұқсат етіледі. Онда сіз ең сапалы, дәмі ауыздан кетпейтін Laurent Perrier және Moët шампандарына тапсырыс бере аласыз.


9. Арзан тамақ және фаст-фуд

Дубай әлемдегі ең сәнді қалалардың бірі болғанына қарамастан, онда көптеген қарапайым адамдар тұрады, олардың көпшілігі жалақысы төмен мигранттар. Яғни, мұнда тұрмыстық жағдайға лайықты сауда орындары мен мейрамхана, асханалар да бар деген сөз.

Демек Дубайдан бағасы қолжетімді, мәзірі мол кафелер, мейрамханалар мен сапалы фаст—фуд желілерін де табуға болады. Мұндай мейрамханалардың көпшілігі al Dhiyafah Road көшесінде орналасқан. Мұнда әр түрлі шығыс елдерінің дәстүрлі тағамдарын бар-жоғы 10-15 долларға сатып алуға мүмкіндік бар.


10. Хатта бассейндері

Дубайдағы таулы демалыс орны – қаладан 100 шақырым жерде орналасқан Хаттаның табиғи бассейндері. Ол су айдындары таза жаңбыр суы мен жер асты бұлақтарының суымен толады әрі керемет көрініске ие. Сондай-ақ, маңында ежелгі "Екі жұлдыз" қорғаныс мұнаралары, Шейх Мактум сарайы және араб ауылының көне үйлері бар.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ғарышта жүргендей боласыз: жер бетіндегі ТЫЛСЫМ орындар


VIII ғасырдан бері САУДАСЫ ҮЗІЛМЕГЕН базарды білесіз бе?