Шымкент қаласының аумағында орналасқан 40 субұрқаққа техникалық қызмет көрсету жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді.
Аталған нысандар Шымкент қаласы Жайлы ортаны дамыту басқармасының балансына енгізілген. Жалпы 25 орынға орналастырылған 40 субұрқақ қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде.
Жыл басынан бері Орталық саябақ, Абай саябағы, Жеңіс саябағы, Этносаябақ және Әкімшілік-іскерлік орталық аумағында орналасқан бірнеше субұрқақта су құбырлары мен гранит жамылғылары толықтай жаңартылды.
Мердігер мекеме қала аумағындағы барлық субұрқақтарға кешенді қызмет көрсетуді жүзеге асырып отыр. Атап айтқанда, оларды тазарту, суды ауыстыру, сынған бөлшектерін алмастыру, істен шыққан сорғыларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.