Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен қолға алынған «Таза қала өзіңнен басталады» акциясы аясындағы бүгінгі сенбілікте Фосфоршылар сарайының аумағын 1000-ға жуық адам қоқыстан тазартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тазалық шараларына қала әкімінен бастап мемлекеттік қыметшілер, кәсіпкерлер, еріктілер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер мен тұрғындар белсене қатысты. Төрт секцияға бөлінген аумақтағы жұмыстарға аудандық коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 50-ден астам техника жұмылдырылды. Ал жалпы қала аумағындағы тазалық жұмыстарына 60 мыңға жуық адам үлес қосты.
Бұл бағыттағы шаралар барлық аудан аумақтарында тұрақты түрде әр сенбіде ұйымдастырылады. Қураған ағаштардың орнына жасыл желектер отырғызылып, тазарған аумақтар көгалдандырылады. Акция қазан, қараша айында жалғасады.