«7-20-25»: Шымкентте 2 мыңға жуық адам баспанамен қамтылды

0
432

2020 жылмен салыстырғанда «7-20-25» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің өсімі 1,1%-ға артқан.


«7-20-25»: Шымкентте 2 мыңға жуық адам баспанамен қамтылды

Шымкент қаласында өткен жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1796 адам баспанамен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Азаматтар аталған тұрғын үйлерді Шымкент қаласы бойынша екінші дейгейлі банктер арқылы жеке құрылыс компаниялары салған пәтерлерді 7-20-25 бағытымен сатып алған. Жалпы сомасы 25,1 млрд. теңгені құрайды. Ал, 2020 жылы осы бағдарлама шеңберінде 1639 адам тұрғын үйге қол жеткізген болатын.

2020 жылмен салыстырғанда «7-20-25» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің өсімі 1,1%-ға артқан.
Сонымен қатар, 2021 жылы «Шаңырақ» пилоттық жобасы аясында 1728 пәтерлі 27 тұрғын үй пайдалануға берілді. Олар «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрғандарға бөлінеді.
7-20-25 - Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама. Бұл бағдарламаның несие бойынша пайыздық мөлшерлемесі - 7 пайыз. Бастапқы жарна мөлшері тұрғын үй құнының 20 пайызы және одан жоғары мөлшерінде белгіленеді. Шымкент қаласында 25 миллион теңгеге дейін тұрғын үй қарастыруға болады.