«Айбынды жастар - Тәуелсіздік тірегі»: Шымкентте әскери-патриоттық форум өтті

0
687

Аталған жиын Шымкент қалалық жас сарбаздар мен оқытушыларды марапаттау және ерлік сабақтары бойынша өткізілген іс-шараларды қорытындылау мақсатында ұйымдастырылды.


«Айбынды жастар - Тәуелсіздік тірегі»: Шымкентте әскери-патриоттық форум өтті

Шымкент қаласында «Айбынды жастар - Тәуелсіздік тірегі» атты әскери-патриоттық форум өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жиын Шымкент қалалық жас сарбаздар мен оқытушыларды марапаттау және ерлік сабақтары бойынша өткізілген іс-шараларды қорытындылау мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шара барысында республикалық деңгейдегі байқау және жарыс жеңімпаздарын Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының бөлім басшысы Жанар Сыздықова марапаттады.

Мектеп оқушыларына әскери-патриоттық өмірдің әліппесін үйретіп, теория мен практиканы ұштастырып, ұғындыра білген « Алғашқы әскери дайындық» пәні мұғалімдеріне де алғыс айтсақ артықтық етпейді. Олардың еңбегін жас сарбаздар айқындап берді, – деді Жанар Сыздықова.
Шымкент қаласының жалпы орта мектептерінде 21 «Жас сарбаз» сыныбы ашылған. Онда 500-ге жуық тәрбиеші өз қызметін атқарады.
Жыл басынан бері Білім беру ұйымдарында кадет корпустары, жас сарбаз клубы және Айбынды жастар жарысына қатысушылар көптеген іс-шаралар ұйымдастырған болатын. Жыл бойы өзін жоғары деңгейде көрсеткен оларды бүгін марапаттаймыз, – деді полковник Онбаев Серікбай.
Жылдың қорытындысы бойынша тәжік-ауған ардагерлерін, өскелең ұрпақты ел қорғауға дайындау мақсатында жұмыс істеген колледж, мектеп мұғалімдерін және жас сарбаздарды марапаттады.
Айта кетейік, Қазақстан бойынша тек Шымкент қаласында ғана Ауған соғысы, тәжік-ауған, Таулы Қарабақ, Чернобль, Семей ядролық сынақ, Қарулы күштер, Шекара қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірігіп үлкен коалиция құрған болатын. Олардың басты мақсаты - жас ұрпақты әскери өмірге тәрбиелеу.