Алаяқтар шымкенттік әкім мен басқарма басшыларының атынан хабарлама таратуда

0
298


Алаяқтар шымкенттік әкім мен басқарма басшыларының атынан хабарлама таратуда

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі алаяқтардың әкім мен орынбасарлары, басқарма басшыларының атынан таратылып жатқан жалған хабарларға сенбеуге шақырады.

"Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде қала әкімі мен орынбасарлары, басқарма басшыларының атынан ақпараттар жіберілуде. Бұл жалған!
ұндай ақпараттарды интернет алаяқтары жолдайды. Жалған хабарламаларға сенбеңіздер, ақша аудармаңыздар және күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер.
Қала әкімі мен орынбасарларының, сондай-ақ басқарма басшыларының барлық хабарламалары тек жеке телефондары мен аккаунттары арқылы жіберіледі. Фотосуреттері бар алайда жасырылған телефон нөмірлері арқылы келген қоңыраулар мен хабарламаларды елемеңіздер.
Сіздерді сақ болуға, арандатушылыққа жол бермеуге шақырамыз. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!", делінген хабарламада.
Бөлісу