6 – алтын, 2 – күміс және 3 – қолаға ие болды.
Шымкенттік спортшылар пауэрлифтингтен 11 жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
21-31 қазан аралығында Литваның Вильнюс қаласында пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты өтті. Бұл сайыста Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары «Жатып сығымдап көтеру» жаттығуы бойынша 11 жүлде жеңіп алды: 6 – алтын, 2 – күміс және 3 – қола.
Атап айтқанда, әйелдер арасында Ксения Хан (76 келі) 2 алтын, Алевтина Николаева (84 келі) 1 алтын, Азиза Абдураимова (84 келі) 1 қола жүлдеге ие болды.
Ерлер арасындағы бәсекеде Айдар Қошқаров 1 күміс және 1 қола, жасөспірімдер арасында Руслан Кәрімбеков (53 келі) 2 алтын, Жавлан Шаукатов (93 келі) 1 алтын, Тохиржон Абдурахманов (105 келі) 1 күміс және Қуанышбай Төлегенов (74 келі) 1 қола жүлдеге иелік етті.
Пауэрлифтинг бойынша түрлі халықаралық жарыстарда Қазақстан спортшыларының жеңісті дәстүрі бар. Оның ішінде, Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.