​ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ШЫМКЕНТТЕ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

0
56


​ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ШЫМКЕНТТЕ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Бүгінде Шымкент қаласында мүгедектігі бар азаматтарға арналған бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда.

Бозарық шағынауданында 150 орынға лайықталған оңалту орталығының құрылысы басталды. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан азаматтарға арналған №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумағынан қосымша 50 орындық ғимарат салынуда. Нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі.
№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға ұсынылуда.
№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар биыл тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда.
Биыл 3-18 жас аралығындағы психоневрологиялық және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 150 орындық жаңа орталық ашу көзделіп отыр.
18-35 жасқа дейінгі азаматтарға арналған 50 орындық арнайы мекеме де биыл ашылады. Екі нысанның да құрылыс жұмыстары мамыр айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Бұл бастамалар мүгедектігі бар жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болары сөзсіз.
Бөлісу