​АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС: Шымкентте бюджетке қатысты мәселелер талқыланды

0
355

Қала әкімі аудан, сала басшыларына қаржыны тиімді игеруді қатаң қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, өзекті мәселелерді шұғыл, оңтайлы шешуді назарға алу қажеттігін ескертті.


​АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС: Шымкентте бюджетке қатысты мәселелер талқыланды

Қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте Конституция күніне арналған негізгі іс-шаралар жоспары, бюджеттің атқарылуы мен жобалық офистің жұмыстары талқыланды.

Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Конституция күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламаны таныстырды. Мереке қарсаңында бес ауданда 20 іс-шара ұйымдастырылады, салтанатты жиындар Нұрсәт өнер мектебінде, Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда, Шымсити саябағы мен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда және Оқушылар сарайы мен “Түркістан” сарайында өтеді. Қала әкімі салаға жауаптыларға еліміздегі елеулі күнге арналған іс шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруда нақты тапсырма берді.
Қаржы басқармасының басшысы Р. Бақтыбаев қаңтар-шілде айындағы бюджеттің атқарылу қорытындыларын баяндап, қаржыландыру жоспарын талдап, игерілмеуі мүмкін қаражаттарды қысқартуды, тиімді салаға бағыттауға бюджеттік нақтылауға ұсыныс беруді, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өтуін толық зерделеуді ұсынды.
Ғабит Сыздықбеков аудан, сала басшыларына қаржыны тиімді игеруді қатаң қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, өзекті мәселелерді шұғыл, оңтайлы шешуді назарға алу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, қала тазалығын қамтасыз етуді, мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтау қажеттігін жеткізді.
Бөлісу