«Өзімді өте бақытты адам ретінде сезініп жүрдім»
Шымкент қаласының экс-әкімі қызметінен кетуі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Ғабидолла Әбдірахымов өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында:
«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қымбатты достар! Мен үшін Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істегенім үлкен мәртебе және мақтаныш. Осындай мүмкіншілік берген Елбасымызға, Президентімізге алғысымды білдіремін. Қолдан келгенше қаланың дамуына әріптестермен атсалыстым. Мен Шымкент халқына өте ризамын! Сіздер әрқашан мені қолдадыңыздар. Өзімді өте бақытты адам ретінде сезініп жүрдім. Әр нәрсенің соңы болады бұл өмірде. Жаңалықтар да болады. Жаңадан келген қала басшысына сәттілік тілеймін. Барлықтарыңызға үлкен алғыс айтып, басымды иемін! Аман болыңыздар! Шымкент жайнай берсін!», - деп жазып, қала халқымен қоштасты.
Айта кетейік, осының алдында Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қызметінен кетіп, орнына Ерлан Айтаханов тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар, экс-әкімнің қызметінен неге босатылғаны да белгілі болған.