Архитектор Бақытжан Әшірбаев: "Бізге СИТИ-МИТИ қажет емес"

0
3 342

Бұрын ОҚО-ның бас архитекторы болған Бақытжан Әшірбаев Шымкентте салынып жатқан кейбір құрылыс жобаларын сынап, республикалық басылымға сұхбат берген.


Архитектор Бақытжан Әшірбаев:

Архитектор Бақытжан Әшірбаев, Шымкенттегі жаңа архитектуралық жобаларды сынға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жуырда ғана ғаламторда дауыс беру арқылы «Халық сүйіктісі» атағын жеңіп алған Бақытжан Әшірбаев шаһардағы жаңадан салынып жатқан шағын аудан мен кейбір құрылыс жобаларын құптамайтынын айтып республикалық басылымға сұхбат берді.

«Мәселен, Президенттің келуіне орай 14 қабатты 30 шақты үйдің макетін жасап, бір жерге қоя салады. Жобада бір балабақша, бір мектеп, бірде-бір әлеуметтік нысан қаралмаған. Орталығы Манхэттен секілді. Бұл қандай концепция? Барлық жүйені сити-мити мен Манхэттенге сала салуға болмайды. Бұрынғы жобасы өте сауатты жасалған еді. Алдыңғысында Қонаев көшесін созудан бас тартқан болатын. Тіпті Түркістан көшесіндегі ескі моншаны (100 жылдық тарихы бар монша) бұзу жоспары болмаған еді. Біз автожүргізушілер үшін өмір сүріп жатқан жоқпыз. Ешқашан қала тұрғындары мен жаяу жүргіншілерден автомобильшілер көп болған емес», - дейді ол.

Архитектордың шаһар басшылығына өкпесі қара қазандай екен. Басылымға берген сұхбатында жаңа басшылық аға буынның ойымен санаспайтынын да айтып өткен.

«Кезінде Әл-Фарабидің өзі шаһар басшысының қандай болуы қажеттігін жазып еді. Десе де, тарих өзгермейді. Шенеуніктер де өткеннен сабақ алар емес. Қазіргілерінің айтуынша, біздің тарихи-архитектуралық болжалды жобаларымыз титықтарына тиіпті. Жаңа добалар салу қажет дейді. Біздікі болса қалып кетіпті», - дейді Бақытжан Әшірбаев «Литер» газетіне берген сұхбатында.