Шараға Қазақстанның Халық әртістері Айгүл Үлкенбаева, Секен Тұрысбеков, Рамазан Стамғазиев және елімізге белгілі өнер майталмандары қатысады.
Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады.
26–27 қыркүйек күндері Шымкент қаласында дәстүр мен руханиятты ұлықтаған «Асыл мұра» республикалық дәстүрлі өнер фестивалі өтеді. Шара Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
26 қыркүйекте сағат 15:00-де «Қызғалдақ» сарайында оқушылар арасындағы республикалық өнер фестивалі өтсе, 27 қыркүйекте дәл осы мекемеде кәсіби өнерпаздардың қатысуымен үлкен өнер кеші жалғасын табады.
Фестивальдің басты мақсаты – ата-бабалардан келе жатқан дәстүрлі өнерді кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың рухани тәрбиесін нығайту. Фестиваль аясында ән, күй, жыр, терме және рухани мектептердің тағылымды дәстүрлері көрерменге ұсынылады.
Шараға Қазақстанның Халық әртістері Айгүл Үлкенбаева, Секен Тұрысбеков, Рамазан Стамғазиев және елімізге белгілі өнер майталмандары қатысады. Кештің жүргізушісі – фольклортанушы ғалым, «Құрмет» орденінің иегері Берік Жүсіп.
Кіру – тегін. Фестиваль ұлттық өнерімізді бағалайтын барша көрермен үшін ұйымдастырылуда.