Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Amanat» партиясы филиалында азаматтарды қабылдап, тұрғын үй, жер қатынастары, кәсіпкерлік және көлік инфрақұрылымы салаларындағы мәселелерді қарастырды.
Сондай-ақ тұрғындар қалада су құбырларының өткізгіштігін арттыру үшін автоматты тазарту станциясын орнату туралы ұсыныстарын да жеткізді.
Мегаполис басшысы әріптестерімен бірге қала әкімдігінде 120-дан астам азаматты қабылдады. Тұрғындар білім беру, әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жер телімдерін заңдастыру мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, ерекше балаларға арналған мектеп салу, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жобаларын таныстырды.
Жалпы, қала әкімі мен орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары тұрғындардың өтініштерін тыңдап, тиісті шешімдер қабылдады. Азаматтар тарапынан көтерілген әрбір мәселе жіті бақылауда болатынын және заң шеңберінде шешілетінін жеткізген Ғ.Сыздықбеков аудан әкімдері мен сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.