Ғабит Сыздықбеков балаларды құттықтап, өнерін тамашалады.
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы балалар шығармашылығын дамыту мақсатында мерекелік іс-шарасы өтті.
Іс шараға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков балаларды құттықтап, өнерін тамашалады.
Жергілікті мектептерден 1300 өнерпаз қатысып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балғындар патриоттық әндерді әуелете орындап, мың бұрала би биледі. Жас суретшілердің бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.