Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
Шымкент қаласының ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балалардың терезеден құлау фактілерінің алдын алу жұмысын күшейтті.
Іс-шара барысында әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың үйлеріндегі терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштері орнатылуда.
Құтқарушылар тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, жадынамалар таратты. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарының жетекшілерімен бірлесіп, бір рет қолданылатын ыдыстарға QR-коды бар ақпараттық материалдарды орналастырылды. Мұндай бастамалар алдағы уақытта үздіксіз жалғаспақ.
Осы орайда Төтенше жағдай департаменті ескертеді:
• Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
• Терезеның жанына жиһаз қоймаңыз;
• Масадан қорғану торына сенбеңіз, ол баланың салмағын көтермейді;
• Терезелерге арнайы қауіпсіздік құлыптары мен бекіткіштерін орнатыңыз.


