Қаладағы медициналық мекемелерде 323 ӨЖЖ аппараты бар.
"BI-Group" құрылыс компаниясы Шымкент қаласындағы ауруханаларға өкпені жасанды желдететін арнайы құрылғыны табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өзінің жоғары сапасымен әлемге танылған "Dräger" компаниясының өнімі енді қаладағы ем іздеген тұрғындарға көмегі тиетін болды.
Құрылғы табысталған аурухананның бірі қалалық кордиологиялық орталықта орналасқан провизорлық бөлімі. Қазір бұл жерде жұқпалы ауруға шалдыққан 30 науқас ем алуда.
"BI-Grоup" компаниясы өкілінің сөзіне сенсек, алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары жалғасын табады. Халықтың саулығы үшін бірнеше жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр
Қазірде Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Бүгінге дейін қалада 4309 науқас тіркелсе 2499 азамат жазылып шыққан.
Айта кетейік, қаладағы медициналық мекемелерде 323 ӨЖЖ аппараты, оның ішінде 130 портативті аппарат бар. Сондай-ақ, 250 "Бобров" тыныс алу аппараты, 10 монитормен қамтамасыз етілген.