Сот қызметкері өртенген үйін әріптестерінің көмегімен қалпына келтіріп алғанына ризашылығын білдірді.
Шымкент қаласының судьялары үйі өртеніп кеткен сот қызметкеріне көмектесіп, бір миллионнан астам теңге жинап берді деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Әл-Фараби аудандық сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысының үйінен маусым айында өрт шығып, тілсіз жау үй шатыры мен тұрмыстық заттарын жалмаған. Салдарынан анасы мен әпке, қарындасы, жұбайы мен үш баласымен сот қызметкерібарлығы сегіз жан далада қалған болатын.
"Осы жағдайға байланысты Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы мен қалалық соттың төрағасы өзара ақылдасып, жергілікті соттардың судьялары мен мамандарын жұмылдырып, ұйымшылдықпен әріптеске бір миллион теңгеден астам қаржы жинап, көмектескен болатын. Бұл қаржыға ол өртенген үйін жөндеуден өткізіп, қазір отбасымен осы үйде тұрып жатыр,"- дейді Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінің жетекшісі Қабыл Дүйсенби.
Шымкенттегі Көксай-2 (Зеленая Балка-2) елдімекенінде тұратын сот қызметкері өртенген үйін әріптестерінің көмегімен қалпына келтіріп алғанына ризашылығын білдірді.