Биыл Шымкентте ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-ға жетеді

0
355

Ауыз сумен қамту бойынша осы жылы 15,5 млрд. теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізілуде.


Биыл Шымкентте ауыз сумен қамту көрсеткіші 98%-ға жетеді

Шымкент халқын таза ауыз сумен қамту бойынша осы жылы 15,5 млрд. теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін 3 магистралды суаққы және тасымалды 7 елді мекен мен жартылай қамтылған екі елді мекендегі 25,6 мыңға жуық халық ауыз сумен қамтылады. Олар, тасымалды суды пайдаланып отырған Тұран, Солтүстік саяжай, Ынытмақ-2, Батыс, Жаңатұрлан, Асар-2, Ақтас болса, ауыз сумен жартылай қамтылғандар Жаңаталап пен Сәуле елді мекендер.
Нәтижесінде, сумен қамту деңгейін 95,6%-дан 98%-ға жеткізу жоспарлануда.