Жоба Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жүзеге асырылған.
Шымкент қаласының Қала күні мерекесі қарсаңында тұрғындар мен қала қонақтары үшін жаңа демалыс орны – City Park саябағы ашылды.
Заманауи қоғамдық кеңістік қала тұрғындарының жайлы демалысына арналған. Саябақта серуендеуге, спортпен шұғылдануға және бос уақытты тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған.
Жоба Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жүзеге асырылып, қалалық ортаны жаңғыртуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
City Park – тұрғындардың белсенді демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, қаланың көркін арттырған жаңа демалыс аймақтарының бірі.


