COVID-19: Шымкентте 71 адам тіркелді

0
217

Індет жұқтырған 35 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына алынды.


COVID-19: Шымкентте 71 адам тіркелді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулік ішінде КВИ-дің 71 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде белгілері бар 60 болса, белгілері жоқ 11. Індет жұқтырған 35 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда төсек орын толымдылығы 42% құрайды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы "жасыл" аймақта.