COVID-19: Шымкентте эпидахуал күрделі

0
451

Оның ішінде 34 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 336 адам үй бақылауына алынды.


COVID-19: Шымкентте эпидахуал күрделі

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 13 қаңтар күні 370 адамнан КВИ анықталды (белгілері бар – 225, белгілері жоқ – 145), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 34 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 336 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 403 орын бар, төсек орын толымдығы 51%-ды құрайды, 194 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 209 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде –
72 төсек орын бар, 14 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 713 адам вакцина алды (I компонент- 168, II компонент- 565). Егу науқаны басталғалы барлығы 593 397 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 578 435 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 19 992 адам, II компонентін 9 319 адам қабылдады. 44 891 адам ревакцинацияланды.